Сессияда «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2023 жылғы 14 желтоқсандағы №10-3 шешіміне өзгерістер енгізу бойынша облыс әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Сандуғаш Абдралиева хабарлама жасады.
Бұдан соң депутаттар «Жамбыл облысының Құрметті азаматы» атағын беру, облыс бойынша тексеру комиссиясының төрағасы туралы және «Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамы туралы» облыстық мәслихаттың 2005 жылғы 11 ақпандағы №7- 16 шешіміне өзгерістер енгізу жайындағы мәселелерді қарады.
Осыдан кейін сөз алған облыстық мәслихаттың депутаты Оралхан Дәуітов өңірде өзекті болып тұрған қызылша өткізу мәселесін көтеріп, аудандардағы шаруалардың жанайқайын жеткізді. Қызылшаның субсидиясына қаржы бөлу, «Меркі қант» зауытындағы қызылша өнімдерін қабылдауда орын алған кептеліс жайын баяндаған халық қалаулысы тиісті сала басшысынан осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы түсініктеме беруін сұрады.
Облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Әбдірасыл Желеубаев өңір басшысының қант зауытына барып, акционерлермен кездесуінен кейін біршама келісімдерге қол жеткенін, нәтижесінде зауытта күніне қызылша қабылдау 1,5 тоннадан 6 тоннаға дейін артып, бүгінгі күнге 180 мың тонна қызылша қабылданғанын, қазір жағдай тұрақталғанын баяндады. Сессияда күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Жүрсінгүл ЖАҚЫП
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысында 46 көпқабатты тұрғын үй салынуда
- 1 желтоқсан, 2025
Жазушыға 100 сұрақ: Көсемәлі Сәттібайұлы оқырманмен кездесті
- 20 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




