Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша ашық жиын өтті
- author «Ақ жол»
- 22 қазан, 2024
- 1.8k
Өңірлік медиахолдингтің Бас директоры Данияр Асқарұлының төрағалығымен өткен кездесуге серіктестікке қарасты үш басылымның бас редакторлары мен бөлім басшылары қатысты.
Басқосу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың механизмін жүзеге асыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл әрекеттері түсіндіріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау мәселелері талқыланды.

– Әріптестер, кез келген мемлекеттің даму қарқынын баяулататын негізгі үш фактор бар десек, соның бірі – жемқорлық. «Бармақ басты, көз қыстының» кері барлық салаға шырпыдай тиіп, тірлігін тұралататыны анық. Сол үшін де сыбайлас жемқорлықпен күрес – әлемдегі барлық озық мемлекеттің негізі күн тәртібінен қалыс қалған емес. Біздің зайырлы қоғамда да аталған фактордың алдын алуға, оны тіптен болдырмауға, сондай-ақ, әр азаматқа түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жаппай ағартушылыққа басымдық берілуде. Әрдайым адал тұрып, адал жүрейік, – деді Бас директор Д.Асқарұлы
Ұқсас жаңалықтар
Туризммен айналысатындарға мемлекеттік қолдау күшейді
- 26 ақпан, 2026
Еңбек адамының мүддесі – тұрақтылық негізі
- 26 ақпан, 2026
Ақпарат
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Поэтикалық баттл Күләш Ахметованың шығармашылығына арналды
- 26 ақпан, 2026
Міржақып Дулатов Әулиеатаға қашан келді?
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




