200 жылдық тарихы бар осынау көне аспапты Талас ауданында музейіне жәдігерлер алғаш жинақтала басталған кезде Ақкөл ауылында тұратын ардагер журналист, Талас ауданының Құрметті азаматы Мүтәліп Ережепбаев 1994 жылы өзі келіп табыс еткен.
Мүтәліп ақсақалдың жеке мұрағатында сақталған бұл жәдігердің екі ғасырлық тарихы бар. Майдангердің өзі де домбыра, сырнай тартып, ән салған. Атабабалары да өнерпаз кісілер болса керек.
«Қазір көп ақпараттар жадымда жоқ. Бұл қобыз арғы бабамнан қалған. Ол кісілер қолданған қасиетті бұйым. Бүгінгі жас ұрпақтар көріп өссін, қобыз аспабының қадірін білсін деген ниетпен өткіздім», – дейді бұл күнде Тараз қаласында тұратын 98 жастағы ақсақал Мүтәліп Ережепбайұлы.
Аталған музей директоры Тайлақ Наршаұлы аудан аумағынан жинақталған жәдігерлердің ішінде майдангер тарту еткен қобыздың да бағасы жоғары екенін айтады.
Қазіргі таңда ортамызда жүрген, баспасөз саласында, партиякеңес ұйымдарында ұзақ жыл еңбек еткен, кешегі ел басына күн туған шақта қару асынып туған Отанын қорғаған, жүрегінен жалынды жырлар жазған ақын Мүтәліп қарияның өзі де – нағыз шежіре.
Есет ДОСАЛЫ
Талас ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Дәстүр заманауи дизайн тіліне айналады
- 27 сәуір, 2026
ASPARA FASHION WEEK Сән – энергия бар жерде туады
- 27 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




