Мен Жуалы ауданындағы №1 Орджоникидзе атындағы орта мектеп-гимназиясында оқып жүргенде мектебімізге «Знамя труда» газетінің тілшісі келіп сауалнама алып кетті. Журналист сауалнамаға берілген үздік жауап басылым бетінде жарияланатынын айтты.
Мен «Знамя труданы» қалдырмай оқитынмын. Әкем жыл сайын жазылатын. Мен сол сауалнамаға бар өнерімді салып жауап беруге тырыстым. Алайда, менің жазған жауабым газетке басылған жоқ. Бірақ сонда да айтқанымнан қайтпай, өзіме «болашақта осы газетте жұмыс істеймін» деп уәде бердім. Әрине, ол кезде бас редактор болам деп ойламаған едім. Бәлкім, менің осы кіршіксіз бала арманым ақиқатқа айналған шығар. Оқуды аяқтаған соң, бұл басылымға бірден орналаса қойған жоқпын. Себебі, жазған дүниелерім осы басылымға жиі жарияланатын. Сонда журналистік деңгейім әлі де жете қоймағанын түсінетінмін.
«Знамя труда» газетіне 2009 жылы келдім. Оған дейін бірнеше аймақтық басылымдарда қызмет еттім. Бір қарағанда біршама тәжірибемен келгендей көрінгеніммен, бұл басылымда үнемі ақпарат саласының кіл мықтылары қызмет еткендіктен, олардан көп нәрсе үйрендім десем болады. Мені редакция ұжымы өте жылы қарсы алды.
Жұмыс ағымына еніп кету қиын болған жоқ. Қиыны – журналистерге қойылатын жоғары талаптың үдесінен шығу болды. Бір мақаланы бірнеше мәрте қайта жазуға тура келген кездер аз болған жоқ. Алдымыздағы аға буын журналистерден үйренгеніміз көп болды. Қаншама уақыт өтсе де, жаңа заманның жаңа өзгерістері дендеп енсе де, газет өзінің әу бастағы болмысынан, өзінің ұстанып келе жатқан форматынан толықтай ауысқан емес.
Ғасырмен бірге жасап келе жатқан басылым жұмысына тек шарықтасын, биіктесін деген тілек білдіремін. Ал, біз тиісінше, бүгінгі күннің жаңа талаптарына ілесіп, ұжыммен бірге газеттің өркендеуіне күш сала бермекпіз!
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді