Аталған комиссия кәмелетке толмағандарға қатысты аутодеструктивті мінез-құлықты диагностикалау, олардың діни сауаттылығын көтеру, еңбегін пайдалануда заң талаптарының орындалу барысын қадағалап, өнерге баулу, спорттық секциялармен қамтуды жүзеге асырады. Соның е себінен қылмыстық көрсеткіштердің төмендеуіне ықпал етеді. Мәселен, Тараз қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Исмаилдың сөзінше, оңтайлы іске асырылған профилактикалық шаралардың нәтижесінде өткен жылмен салыстырғанда шаһарда жасөспірімдер қылмысы 5,1 пайызға қысқарған.
– Жыл басынан бері қала аумағында кәмелетке толмағандар 37 қылмыс жасаған. Соның ішінде, мектеп оқушыларымен 18 қылмыс, колледж білімгерлерімен 16, еш жерде оқымайтындармен 3 қылмыс орын алған. Жыл басынан бері комиссия мүшелері, білім бөлімдері, жастар орталықтары прокуратура мобильдік қызметкерлерімен бірлесе отырып, «Жасөспірім», «Түнгі қаладағы балалар» атты Жедел профилактикалық іс-шаралары жүргізілді. Іс-шаралар барысында 1 154 рейд ұйымдастырылса, оның 753-і мектеп жанындағы рейдтік іс-шаралар. Рейд барысында жалпы 200 әкімшілік хаттама толтырылып, түрлі қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін Тараз қаласы полиция бөлімшесіне 3 223 кәмелетке толмаған жас жеткізілді, – деді Қайрат Әбілханұлы.
Сонымен қатар, қала әкімінің орынбасары балалар құқығын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылдың алдын алу мақсатында 2023-2024 жылдарға арналған «Тараз қауіпсіз қала» жобасы аясында іс-шаралар атқарылып, жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен салауаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының «Жол картасына» сәйкес, психологиялық-педагогикалық консилиум құрамында білікті педагог-психологтар жұмыс істеп жатқандығын атап өтті.
Бұдан бөлек, жиында Байзақ ауданы әкімінің орынбасары Рүстем Қасымов, Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Мақпал Досымбекова мен Жуалы ауданы әкімінің орынбасары Анар Ахметова балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жайын баян етті. Сондай-ақ, аталған комиссия отырысында облыстық психологиялық орталықтың директоры Ришат Райф орталық тарапынан атқарылған жұмыстарға тоқталды.
– Облыс әкімдігінің білім басқармасы «Облыстық психологиялық қолдау орталығы» қызметінің ұйымдастыруымен жасөспірімдердің де структивті және аутодеструктивті мінез-құлықтарының алдын алу мақсатында қала және аудан мектептерінің 5-11 сынып аралығындағы оқушыларынан әлеуметтік сауалнама алынып, қорытынды нәтижелері жинақталуда. Сонымен қатар, Байзақ ауданы, Қостөбе ауылы, Қостөбе атындағы орта мектепте өз-өзіне қол жұмсауға ұмтылу және Т.Рысқұлов ауданы, Қарақыстақ ауылдық округі, Тасшолақ ауылында кәмелет жасына толмаған жасөспірімнің өзіне-өзі қол жұмсау фактісі орын алуына байланысты мәнжайды анықтау мақсатында аталған аудандарға арнайы ведомствоаралық жұмыс тобы құрылып, зерделеу жүргізілді. Жасөспірімдердің атааналары мен отбасы мүшелеріне психологиялық көмек көрсетілді. Білім беру ұйымдарындағы директорлардың, тәрбие, құқық ісі жөніндегі орынбасарлардың, педагог-психологтардың, әлеуметтік педагогтардың сапалық құрамы жаңа оқу жылына жинақталды. Аталған бағыттағы іс-шаралардың жоспары мектеп әкімшіліктеріне жолданды, – деді Ришат Еркінұлы. Жиын соңында комиссия төрағасы Серік Сәлемов балалар қауіпсіздігі қашанда бірінші орында екендігін атап өтіп, бұл бағытта бірлескен жұмыстар өз жалғасын табатындығын жеткізді.
– Бүгінгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл – қазіргі таңда көкейкесті мәселелердің біріне айналып отыр. Сондықтан, бұл бағытта бірлескен жұмыстарды нәтижелі іске асыру аса маңызды, – деді Серік Жақсылықұлы.
Нұрболат АМАНБЕК
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді