Ең әуелі тілдің жайын айталық. Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сәйкес, шаһар әкімдігінің аппараты және бөлімдердің құжат айналымындағы қазақ тілінің жағдайы үнемі бақылауда. Құжат айналымының ана тілінде жүргізілу жайына ай сайын, тоқсан сайын мониторинг жүргізіледі. Бұл ретте биылғы тоғыз айда шығыс құжаттарының мемлекеттік тілдегі үлес салмағы 100 пайызды құрағанын айта кеткен жөн. Қаңтар-қыркүйек аралығында мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру мақсатында – 26, қазақ тілінің латыннегізді әліпбиіне көшу мақсатында – 51, ономастика саласы бойынша – 79 іс-шара ұйымдастырылған.
Сонымен қатар, мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеру мақсатында өткізілген облыстық, республикалық байқауларға Тараз қаласынан бірнеше үміткерлер қатысып, жүлделі орындарға да ие болды. Қазақстан дамуында өзге елдердің де назарын аудартып отырған маңызды реформалардың бірі, рухани кеңістікте үлкен өзгеріс күттіріп отырған мәселе – қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жұмыстары. Әліпбидің жаңа нұсқасы мақұлданғанымен толық бекітілген жоқ. Бұл бағыттағы жұмыстар негізінен латын графикасындағы әліпбидің жетілдірілген жобасымен таныстыру, түсіндіру форматында жүргізіледі.
Жаңа әліпби 2023 жылдың 19 мамыры күні апробациядан өтті. Қазіргі таңда, «Латын әліпбиі – болашықтың кілті» «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы», «Тегімізді дұрыс жазайық» атты акциясы өткізілді. Тіл саясатын жүзеге асыруда баса назар аударар саланың бірі – ономастика. Республика көлемінде әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту жұмыстары Үкіметтің №138 қаулысының талаптарына сәйкес және Президент Әкімшілігімен келісілген «Тарихи тұлғалар» 555, «Тарихи жер-су атаулары» 380 және «Дәстүрлі атаулар» 298 тізімін басшылыққа ала отырып жүргізіледі. Жалпы қала бойынша геонимдер саны – 1442. Оның ішінде қазақша тарихи тұлғалар саны – 604, жер-су атаулары – 156, дәстүрлі атаулар – 294, орысша кісі есімі – 186, мағынасы ескірген орысша атаулар – 203.
Биылғы жылдың басты жаңалықтарының бірі – келешекте Тараз қаласы екі аумақтық әкімшілікке бөлінбек. Бұл бағыттағы жұмыстар басталып, бас жоспар бекітілгені көпшілікке мәлім. Қала әкімінің 2023 жылғы 4 мамырдағы №43 өкімімен «Тараз қаласындағы екі әкімшілікаумақтық бірлікке атау беру бойынша жұмыс тобын құру туралы» қаламыздың қоғамдық, ардагерлер кеңестері, зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері, тарихшыларды қамти отырып жұмыс тобы құрылып, 3 отырысы (15,22,29 мамыр күндері) өткізілді. Аңғарғанымыздай бұл жұмыстарды атқаруда әулиеаталықтар өте белсенді.
Әлеуметтік желі арқылы қала тұрғындары тарапынан қаламыздың тарихына, атауларына байланысты тарихи жер-су, дәстүрлі атаулардан ұсыныстар талқыланып, жинақталды. Келіп түскен ұсыныстарды зерделей келе Қаратау мен Алатау деген атауға 41,8 пайыз халық дауыс берсе, Талас пен Аса атауына 12,7 пайыз адам қолдау білдіріп, 9 пайызы жалпы атау беруге қарсы пікір білдірген. Жұмысшы топ мүшелері тарапынан әлеуметтік желі арқылы түскен ұсыныстарды зерделей келе 2023 жылдың 23 қарашасы күні Тараз қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының көпшілік тыңдауына Алатау және Қаратау атауы ұсынылып қолдау тапты. Ал 2024 жылдың 29 қаңтары күні Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тараз қаласы дамуының бас жоспарын бекіту туралы» №44 қаулысы шықты, алдағы уақытта алгоритмге сәйкес жұмыстар қарқынды жүргізілуде. 2023 жылғы 17 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты отырысында берілген тапсырмалар бойынша, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2023 жылғы 22 тамыздағы №18-07-10/1998-И хатына сәйкес қолданыстағы «Тарихи тұлғалар», «Жер-су атаулары» мен «Дәстүрлі атаулар» тізімін өзектендіру мақсатында ономастика комиссиясының жұмысы тоқтатылған болатын.
Ал, осы жылдың басында республикалық ономастика комиссиясының отырысында әдістемелік ұсынымдар, «Тарихи тұлғалар», «Жерсу атаулары» мен «Дәстүрлі атаулар» тізімі бекітілді. Қазіргі таңда, атау беру және қайта атау жұмыстарын жүргізуге рұқсат берілген жоқ. Бірақ, Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі басшысының 2016 жылғы 20 шілдедегі №6-1 бұрыштамасына сәйкес аншлагтарды ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл ретте биыл шаһарда жаңадан атау берілген және аншлагтары түсіп қалған, ескірген көшелердің аншлагтары ауыстырылды.
Көрнекіліктерді біріздендіру мақсатында «Қала келбеті – 2024» зерделеу жұмысы, «Көрнекі ақпарат пен сыртқы жарнамаға сауаттылық», «Сыртқы көрнекі ақпарат құралдары және сыртқы жарнамалардың тіл сауаттылығын зерделеу», «Таза қалаға – таза жарнама» айлықтары тұрақты түрде өткізілді. Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жеке бизнес өкілдерімен үнемі етене жұмыс істеу барысында шағын және орта бизнес өкілдеріне, жарнама агенттіктеріне сыртқы көрнекі ақпараттың (жарнама) сауатты жазылуына, орналасуына тағы басқа да мәселелер бойынша тегін консультациялық көмек көрсету үшін «Call center» құрылып, жауапты маман бекіткен. Нәтижесінде қаңтар-қыркүйек аралығында жедел желіге 506 жарнама беруші хабарласып, көрнекі ақпарат құралдарындағы мәтіндері зерделеніп, заң талаптарына сәйкестендірілген. Тұжырымдаманы жүзеге асыру бойынша жұмыстар жоспарға сәйкес жалғасын таба бермек.
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Қаратау қаласында биыл 17 балалар ойын алаңшасы ел игілігіне берілді
- 6 желтоқсан, 2024
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді