Жамбылдықтар ең көп қолданатын мемлекеттік қызмет түрі белгілі болды
- author «Ақ жол»
- 21 қазан, 2024
- 1.1k
Сонымен қатар ХҚКО арқылы көрсетілетін ең танымал үш мемлекеттік қызмет түрлері аталды. Бірінші орында – электрондық-сандық қолтаңба (ЭСҚ) алу. Азаматтар бұл қызметке 166 мыңнан астам рет жүгінген. Екінші орында – автокөлікті тіркеу – шамамен 156 мың рет. Үздік үштікті жеке куәліктер мен ҚР паспорттарын беру қызметі қорытындылайды – шамамен 120 мың өтініш тіркелген.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Жамбыл облыстық филиалы директорының орынбасары Данияр Медетбековтың айтуынша, ең көп мемлекеттік қызмет қалалық №1 ХҚКО арқылы көрсетілген – 130 783 қызмет. Одан кейін №2 мамандандырылған ХҚКО арқылы – 119 969 қызмет, ал №2 ХҚКО арқылы – 59 610 мемлекеттік қызмет көрсетілген.
Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтер тізілімі 1359 қызмет түрін қамтиды, оның 1281-і «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы қолжетімді.
ХҚКО әлеуметтік қамсыздандыру, жер кадастры, жылжымайтын мүлікті және көлік құралдарын тіркеу секілді мемлекеттік қызметтер мен сервистердің кең спектрін ұсынады. Айта кетейік, тұрғындар қызметтерді тек халыққа қызмет көрсету орталықтарында ғана емес, сонымен қатар уақытты үнемдеп, мемлекеттік сервистерге қолжетімділікті жеңілдететін «ХҚКО» мобильді қосымшасы арқылы да ала алады.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік
корпорациясы Жамбыл облыстық филиалының PR-менеджері
Ұқсас жаңалықтар
Дәріханалардағы дәрі бағасы бір түнде өскені ме?
- 4 желтоқсан, 2025
ЖИ-ді іске асыруда жастардың рөлі ерекше
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




