Талас ауданында жаңа мәдениет ошағы ел игілігіне берілді
- author «Ақ жол»
- 18 қазан, 2024
- 1.4k
Клубтың салтанатты ашылу жиына облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов қатысып, мәдениет саласын дамытуға бағытталған жұмыстардың маңыздылығына тоқталды.
– Мәдениет ошағының ашылуы – рухани жетістігіміздің бір жемісі, жақсылықтың көрінісі. Өйткені өсетін ел мәдениетіне мен руханиятына аса мән берген. Мәдениеті жоғары ұлт қана әлемдегі өркениетті елдердің ортасынан орын алатыны сөзсіз. Мемлекет басшысы мәдениет пен өнерді дамыту мемлекетіміз үшін негізгі басымдықтың бірі екендігін алға қойып отыр. Ауылды елді мекендерде ашылып жатқан осындай нысандар соның бір көрінісі, – деді Серік Жақсылықұлы.
Айта кетейік, 2021 жылдан бері облыс көлемінде 18 мәдениет нысанының құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілген.
Ал биыл 16 мәдениет нысанының құрылысы басталып, жыл аяғына дейін 8 нысанның құрылысын аяқтау жоспарланған.
Ұқсас жаңалықтар
Әжелер ансамблі шын таланттың жарыққа шығатынына көз жеткізді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




