«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Болат Сембин

Болат Сембин
Ашық дереккөз
Прокуратура саласының ардагері Болат Ажақайұлы Сембин дүниеден өтті.

Ол 1944 жылы 12 наурызда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайылма ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1969 жылы С.М. Киров атындағы ҚазҰУ-ді заңгер мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1969 жылы Гвардия ауданы прокурорының көмекшісі болып бастаған. Әр жылдары абыройлы қызметтер атқарды. Б.Сембин тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары еліміздің егемендігін нығайту жолында және прокуратура саласында ұзақ жылдан бері еңбек етті. Б.Сембин еңбек еткен жылдары прокуратура саласының барлық қыр-сырларын терең меңгеріп, өз білімінің арқасында «Қазақстан Республикасындағы прокурорлық қадағалау» пәнінен оқу бағдарламасын әзірледі.

Сонымен қатар «Прокуратура туралы», «Соттар және судьялардың мәртебесі туралы» заңдарды әзірлеуге үлкен үлес қосып, шәкірт тәрбиелеп, көптеген білікті заңгерлердің қалыптасуына ықпал етті.

Болат Ажақайұлы еліміздің қоғамдық және педагогикалық өміріне белсенді атсалысты. Қазақстанның қоғамын дамытуға және еліміздің егемендігін нығайтуға қосқан қомақты үлесі үшін Б.Сембин «Құрмет белгісі» орденімен, «ҚазКСР прокуратурасының құрметті қызметкері» төсбелгісімен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен, «Астанаға 10 жыл» медалімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен, «Құрметті қызметкер» төсбелгісімен, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен, «Құрмет» орденімен, «ҚР прокуратурасының құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталған.

Марқұмның отбасына, туған-туыстарына қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз.

 

Сарысу ауданының әкімдігі, аудандық мәслихат, аудандық ардагерлер кеңесі мен аудандық қоғамдық кеңес

Ұқсас жаңалықтар