Жұмыр басты пенде болған соң денсаулықтың сыр беретіні белгілі. Сондай сәттерде дәрігерлердің көмегіне жүгініп жатамыз. Жуырда Шу аудандық орталық ауруханасының терапия бөлімінде ем алдым. Аурухана төсегінде жатқанымда қас-қабағыма қарап, қажетті ем-дом жасаған ақ халатты абзал жандарға аналық алғысымды жеткізгім келеді. Оның ішінде бөлімнің меңгерушісі Сабыр Ақбалаевқа ризашылығым шексіз. Оны өлең жолдарымен жеткізгім келеді.
Дәрігер Сабыр деген мықты маман,
Алдына шипа іздеп халқы барған.
Науқасты жылы жүзбен қарсы алады,
Мамандығын дәл тапқан алтын адам.
Айналдым Сабыр деген дәрігерден,
Жасайтын жасы менен кәріге де ем.
Жұлдызы бол жұртыңнын аспандағы,
Жарығыңды болсыншы бәрі көрген.
Сәмәрия ДӘУІТҚЫЗЫ,
Төле би ауылының тұрғыны.
Шу ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Бұлақ көзі ашылып, ағаштар отырғызылды
- 14 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




