Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтында өңірлік партия активімен өткен кездесуге Қазақстанның Еңбек Ері, Парламент Мәжілісінің депутаты, «Ауыл» депутаттық фракциясының жетекшісі, Мәжілістегі аграрлық мәселелер жөніндегі комитет төрағасы, республикалық «Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаев келді. Іс-шараға партияның белсенділері, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары және Шымкент қаласы бойынша өңірлік партия филиалдарының делегаттары, партия белсенділері, сондай-ақ Мәжіліс депутаты, фракция мүшесі Ерболат Саурықов сияқты елге белгілі азаматтар қатысты.
«Ауыл» партиясының аймақтық партия активтеріне арналып топтастырылған семинар аясында өткен бұл жиын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәслихат депутаттарының ІІ республикалық форумында «Партиялар мәслихаттағы өз депутаттарының біліктілігін жетілдіру керек. Бұл жұмысты аймақтың ер екш ел ікт ер ін , халық қалаулыларының кәсіби және қоғамдық-саяси тәжірибесін ескере отырып ұйымдастыру қажет», деген тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған. Аталған кездесуге партиялық құрылым, медиа ре сурстармен нәтижелі жұмыс істеу алгоритмдері, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үрдістері, саяси жұмыстардың жергілікті жерде жүзеге асырылуы, тері өңдеу кәсібі, студенттік құрылыс және жастар жасақтарын құру жобасын жетілдіру сияқты көптеген тақырыптарда лекциялар оқылып, партияның әлеуметтік маңызы бар жетекші жобалары таныстырылды.
Семинарлар топтамасының ашылуында Серік Рахметоллаұлы партияның ХХІV съезінде аймақтар тарапынан түскен ұсыныстар ескерілгенін, ел аумағында 5 өңірде оқыту семинарларын өткізу жо спарланғанын айтты. Бұл семинар соның екіншісі. Алғашқы семинар бұған дейін Орал қаласында Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының партия активі және алдағы уақытта дәл осындай семинарлар ұйымдастырылуы тиіс Тараз, Павлодар облыстары мен Алматы қаласы бойынша өңірлік филиалдар басшылығының қатысуымен өткен болатын.
Үміт БИТЕНОВА
Ұқсас жаңалықтар
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Инвестиция тарту бойынша облыс республикада үздік үштікке кіреді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




