Беті сүйекпен көмкерілген сандықтарды жасау тәсілі әрқилы болған. Мысалы, Шу ауданынан табылып, облыстық тарихиөлкетану музейінде сақталған кебеже ХІХ-ХХ ғасырлардағы қолөнер туындысының ең озық үлгісі саналады.
– Халық арасында сүйектен жасайтын шеберлерді өте жоғары бағалаған. Шеберлер қымбат бұйымдарды әрлеуде сүйек пен күмісті қатар қолданған. Сүйектен кез келген шебер бұйым жасай алмайды. Онымен ағаш бұйымдардың сыртын, аттың қамыт-сайман, ер-тұрманын, саз аспаптарын безендірген. Аталған жәдігерімізде де осындай детальдар анық байқалады. Сандықтың негізгі құрылымы ағаштан тұрады. Ал, сандық сырты сүйек сынықтары арқылы безендіріліп, олардың бетіне жеке өрнек түсірілген. Жалпы, сүйекке түскен өрнек түрлері мен құрылысы жағынан киіз оюларына өте ұқсас болып келеді. Мұндай тұрмыстық бұйымдар ұлттық қолөнердің баға жетпес байлығы. Бүгінгі ұрпақ үшін олар өткеннің елесі, қиял ертегідей көрінеді. Техника дамымаған бұрынғы заманда адамдар тұрмыстық қажеттілікті өтеу үшін сүйекті шикізат ретінде пайдалана білген. Осыны жас ұрпақ бойына сіңіру қажет, – дейді облыстық тарихиөлкетану музейі ғылымиәдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Лаура Байтұрсынова.
Шеберлер үшін сүйекті өңдеп, бұйым жасау да оңай іс емес. Ол үшін әдетте шебер ірі қара малдың қабырғасын жақсылап қайнатып алады. Одан соң ортасынан жарып, ыстық суға сала отырып, балғамен ұру арқылы теп-тегіс, түзу етіп алып, бетіне үшкір құралдармен өрнек түсіреді. Көп жерлерде өзінің мазмұнына қарай өрнектелген пластинкалар қысқа болғандықтан көрген көзге жақсы шығу үшін күміспен безендірілген шегелермен бекіткен.
Нұрболат АМАНБЕК
Ұқсас жаңалықтар
Шалғай ауылда Мәдениет үйі пайдалануға берілді
- 19 желтоқсан, 2024
Ұлттық өнер ұлағаты
- 13 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Қаратау қаласында биыл 17 балалар ойын алаңшасы ел игілігіне берілді
- 6 желтоқсан, 2024
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді