Жиынға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, облыстық мәслихат төрағасы Абдалы Нұралиев, биылғы Париж олимпиадасының алтын жүлдегері Елдос Сметов, облыс әкімдігі басқармаларының басшылары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, кәсіподақ жетекшілері мен белсенділері қатысты.
Салтанатты жиынның шымылдығын ашқан облыс әкімі Ербол Қарашөкеев кәсіподақ мүшелерін кәсіби төл мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін арнады.
– Құрметті жиналған қауым! Қадірменді кәсіподақ мүшелері! Сіздерді бүгінгі Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл мереке адал еңбегімен еліміздің дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген баршаңызға деген құрметтің көрінісі. Кәсіподақ – еңбек адамының құқықтарын қорғау жолында мәртебелі миссия атқаратын аса маңызды қоғамдық институттың бірі. Сондай-ақ, кәсіподақ – еңбек заңнамасының сақталуымен қоса, еңбек адамның құқықтары мен мүддесін қорғаудың кепілі. Осы ретте Кәсіподақ – халық қызметшісі десек қателеспейміз. Бүгінде өңірімізде кәсіподақтың 1420 бастауыш ұйымында 124 мыңға жуық мүшесі бұл міндеттерін абыройлы атқарып, күш-жүгерін еңбек адамының құқығының сақталуына арнап келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Бүгінгі кәсіподақ – Қазақстандағы азаматтық қоғамның басты белгісінің бірі» деп кәсіподақ ұйымына оң бағасын берген болатын. Сондай-ақ, ел Президенті 2025 жылды Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялады. Бұл – еңбек адамы ел игілігінің негізі екенін көрсететін маңызды қадам. Ал Еңбек адамына шынайы қолдау көрсету оның еселі еңбегін құрметтеуден, мойындаудан басталады! Бұл игі бастаманы жүзеге асыруға Кәсіподақ қызметкерлері де барынша атсалысады деп сенемін! Мереке тағы да құтты болсын!,- деген облыс басшысы Ербол Шырақпайұлы кәсіподақ белсенділері мен кәсіподақ қозғалысына қосқан үлестері үшін бірқатар тұлғаларды Құрмет грамоталары және Алғыс хаттармен марапаттады.
Өз кезегінде облыстық мәслихаттың төрағасы Абдалы Нұралиев құттықтау сөзін арнап, облыс көлеміндегі кәсіподақ қозғалысына елеулі үлестерін қосып жүрген кәсіподақ өкілдерін Жамбыл облысының Құрмет грамоталарымен марапаттады.Мерекенің басты оқиғаларының бірі ретінде, дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметов «Еңбек озаты» төсбелгісімен марапатталды. Сонымен қатар, оған «Салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің «Еңбек даңқы» төсбелгісі табысталып, ұлттық дәстүрге сай шапан мен бөрік кигізілді.
Кәсіподақ белсенділері де Қазақстан Кәсіподақтар Федерациясының арнайы марапаттарымен құрметтелді. Іс-шараның соңында мерекелік концерт ұйымдастырылып, жиынға қатысушылар көтеріңкі көңіл-күйде тарқасты.
Ұқсас жаңалықтар
Басты міндет – экономикалық өсімді қамтамасыз ету
- Бүгін, 01:47
Президенттің балаларға ерекше құрметі
- Бүгін, 01:40
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді