– Бүгін Кеңес ауылының тұрғындары үлкен қуанышқа кенеліп отыр. Мәдениет – елдің рухани қазынасы, өнер – ұлттың жаны. Елімізде игілікті істер өркен жайып, мәдениет нысандары көптеп салына берсін. Сіздерді айтулы қуаныштарыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!, – дей келе, Серік Жақсылықұлы ауыл клубына музыкалық орталықты табыстады.
Өз кезегінде ауылдық ақсақалдар алқасының мүшесі Бөлебай Танаев ауылдық клуб тұрғындардың көптен күткен арманы екенін, бүгінде сол арманның орындалғанын айтып, жаңа нысан жастардың рухани азық алатын ордасы болатындығына сенім білдірді.
Бұдан соң, клубтың ашылу лентасын облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов, ауылдық ақсақалдар алқасының мүшелері Шалғынбай Манекеев пен Бөлебай Танаев қиды.
Бұдан кейін, қонақтар клуб ішіне кіріп, көрермен залын, кітапхана, цифрландырылған ақпараттық орталық бөлмелерін аралап көрді. Мәдениет ошағының мүмкіндіктері туралы Байзақ ауданы әкімінің орынбасары Рүстем Қасымов айтып өтті. Мұнда ақ жаулықты аналар қонақтарға бата берді. Жаңадан пайдалануға берілген мәдениет ошағында «Вокал», «Қолөнер», «Домбыра», «Ақындар мектебі» үйірмелері елді мекендегі екі мыңнан астам тұрғынға қызмет ететін болады. Іс-шара барысында есімдері республикаға белгілі жас ақындар Рай Дөңбай мен Дархан Әбдіманап айтысып, көрермен қошеметіне бөленді. Соңында қонақтар мен ауыл тұрғындары ауылдық клуб алаңына шырша ағаштарын отырғызды.
Есет ДОСАЛЫ
Байзақ ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Көрерменді балалық шағымен қауыштырған классика
- 3 желтоқсан, 2024
Халық театрларының халі мүшкіл
- 3 желтоқсан, 2024
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді