М.Х.Дулатидың 525 жылдығына орай Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен, М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті музейінде, «Тифломузей» жобасы аясында 82 тарихи жәдігерге «Брайль» қарпімен атаулары жазылып, арнайы QR код қойылды, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
Іс-шараға мүмкіндігі шектеулі білімгерлер мен «Болашақ» мектеп-интернатының оқушылары қатысты. Мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамдық ортаға бейімдеу мақсатында ұйымдастырылған шарада келушілер тарихи жәдігерлерді қолмен сипап, құлақпен есту арқылы танысуға мүмкіндік алды.

Айта кетейік, бұл жоба екі жылдан бері жұмыс жасап келеді. Бүгінде барлық аймақтық аудан музейлерінде ашылып, 300-ге жуық экспонат көрмеге қойылды.
Ұқсас жаңалықтар
Дәстүр заманауи дизайн тіліне айналады
- 27 сәуір, 2026
ASPARA FASHION WEEK Сән – энергия бар жерде туады
- 27 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




