Аудан әкімдігіне қарасты құрылыс бөлімінің басшысы Қабілет Әбдірахмановтың айтуынша, спорт нысандарының құрылысы қарқынды. Оның айтуынша, жуырда ауданға қарасты Р.Сабденов ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілген. Сондай-ақ, Жаңа тұрмыс ауылына дене шынықтыру- сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде. Келісімшарт құны – 294,8 миллион теңге. 2023 жылы 81,0 миллион теңге бөлініп, толығымен игерілген. Мердігер «НұрТұрсын» ЖШС салып жатқан нысан ағымдағы жылы пайдалануға береді деп күтіліп отыр. Аталған кешенге биыл 204 000 миллион теңге бөлінген.
Бұдан бөлек, ауданда төрт бірдей спорт нысанының жобалау-сметалық құжаттары толық рәсімделген. Олар: құны 435,820 миллион теңге тұратын Құлан ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 456,590 миллион теңгеге қайта құрылып жатқан «К.Бекебаев» атындағы орталық стадион, сметалық құны 734,935 миллион теңгені құрайтын Тереңөзек ауылындағы дене шынықтыру- сауықтыру кешені, 639 000 миллион теңгеге бой көтеріп жатқан Көкдөнен ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені.
Ауыл тұрғындары үшін мәдениет ошақтарының маңызы зор. Бұл ретте Қабілет Қанатұлы жыл басынан бері бой көтерген мәдениет нысандарына да айрықша тоқталды.
– Ақыртөбе ауылында 140 орындық Мәдениет үйінің құрылысы аяқталды. 2023 жылдан өтпелі 81,0 миллион теңге қаралып, толығымен игерілді. 2024 жылға 232,6 миллион теңге бөлінді. Мердігер «AKM Group» ЖШС. Келісімшарт құны 315,1 миллион теңгені құрайды. Балансқа беру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Жаңатұрмыс ауылында 90 орындық Мәдениет үйінің құрылысы жүргізілуде. Бұл нысанның құрылысына 121,8 миллион теңге бөлінді. Мердігер – «Лидер НС» ЖШС. Сметалық құны – 148,2 миллион теңге. Құрылыс жұмыстары 2025 жылға өтпелі. Қазіргі таңда қазандықты қатты отыннан газға ауыстыру бойынша жобаға өзгерістер енгізілуде. Еңбекші ауылында 140 орындық Мәдениет үйінің жобасы дайын. Сметалық құны – 333,750 миллион теңге. Сараптама қорытындысы 2022 жылдың 16 желтоқсанында алынған. Бюджетті өтінім құрылыс басқармасына өткізілді. Қызылшаруа ауылында 140 орындық Мәдениет үйінің жобасы дайын. Оның сметалық құны – 464 миллион теңге, – деді сала маманы.
Халықтың қолайлы ортада өмір сүруі үшін инженерлік инфрақұрылым сапасының жақсы болуы аса маңызды. Бұл ретте Т.Рысқұлов ауданында биыл қыруар жұмыс атқарылған. Мәселен, Құлан ауылы «Арай» тұрғын алабындағы тұрғын үй кешенінде ішкі алаңның инженерлік желілері мен абаттандыру жұмыстары 75 пайызға орындалыпты. Бұл жұмыстарға асфальт, брусчатка төсеу, инженерлік желілерге қосылу, тротуар және лоток қою жұмыстары жатады. Бүгінгі күні келісімшарттың 8-тармағы 8.3-тармақшасын негізге ала отырып, мерзімі өткен әрбір күн үшін міндеттемелерін тиісінше орындамаған соманың 0,1 пайыз мөлшерінде тұрақсыздық айыбы есептеле отырып, келісімшартты орындауды міндеттеу туралы сотқа талап арыз беріліп, толық қанағаттандырылған.
Ауданды асыраушы саланың бірі – ауыл шаруашылығы. Бұл бағытта ауданда мал сою, мал дәрігерлік пункттерінің құрылысы қарқынды жүріп келеді. Сала маманының айтуынша, Қарақыстақ және Қайыңды елді мекендерінен мал өлекселеріне арналған биотермиялық шұңқырдың құрылысы аяқталған. Құмарық ауылындағы Беккер шұңқырының жобасы дайын. Көкдөнен ауылындағы мал дәрігерлік пунктінің жобасы сараптама қарауында. Көгершін ауылында мал дәрігерлік пунктінің жобасы дайын. Луговой ауылында мал дәрігерлік пункт інің жобасы аяқталған. Сонымен қатар, жобалары дайындалған нысандар бойынша тиісті мекемелерге бюджеттік өтінім жолданған. Атап айтқанда, Луговой ауылы тұрғын алаптарына ауыз су жүйесінің құрылысын салу жобасының құны 634,9 миллион теңгені құрайды. Құлан ауылы «Арай» алабына 5 қабатты 80 пәтерлі тұрғын үй құрылысын салу жоспарланған.
Биылғы жыл еліміз үшін су саласында ауқымды жұмыстар жүргізу керектігін айқындап берді. Елімізде әсіресе су қоймалары мен канал құрылыстарын жүргізудің маңызы артқаны баршаға мәлім. Бұл мәселенің әсіресе көктем мезгілінде өзектілігі артады. Т.Рысқұлов ауданында осы бағыт бойынша да ауқымды құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Нақтыласақ, Абай ауылдық округінде Қарақат каналының құрылысы жүргізілуде. Келісімшарт құны 983742,0 мың теңгені құрайды. Құрылыс жұмыстарына биылғы жылы 555,5 миллион теңге бөлінген. Нысан 2025 жылға өтпелі. Жалпы, жүргізілетін құбырдың ұзындығы – 12,3 шақырым, оның ішінде: лоток арқылы – 3,2 шақырым, қалғаны темір бетон құбыры арқылы – 9,1 шақырым. Одан бөлек, 4 су қойманың жобасы дайындалуда. Атап айтқанда, Көкдөнен ауылы округі жерінен көлемі 1000,0 шаршы метр «Көкдөнен» су қоймасының, Құлан ауылы округінен көлемі 1500,0 шаршы метрді құрайтын «Шөңгер» су қоймасының, Тереңөзек ауылы округінен көлемі 800,0 шаршы метр болатын «Мақпал» су қоймасының құрылысы, Өрнек ауылдық округі жерінен көлемі 800,0 шаршы метр болатын «Сұлутөр» су қоймасының құрылысын бастау жоспарлану үстінде.
– Биылғы жылдың сегіз айлық қорытындысы бойынша негізгі екі көрсеткіш, атап айтқанда құрылыс жұмыстары 2548,0 миллиард теңгеге 35,9 пайызға, тұрғын үй 8076 шаршы метр 107,0 пайызға орындалып отыр. Құрылыс басқармасы және басқа да бөлімдер тапсырыс беруші болып табылатын Ақыртөбе ауылдық округіндегі М алдыбай ауылын ан 120 орындық мектептің құрылысы жүргізілуде. Құлан ауылдық округі Қарақат ауылындағы №2 мектепке жапсарлас спорт зал құрылысы соттың анықтамасына сәйкес тоқтап тұр. Қайыңды ауылындағы 15 келушіге арналған фельдшерлік-акушерлік пункт құрылысы аяқталған. Қорағаты ауылын дағ ы 15 келушіге фельдшерлік-акушерлік пункт құрылысы жоспарлы жүргізілуде. Р. Сабденов ауылын дағ ы 15 келуш іг е фельдшерлік-акушерлік пункт құрылысы қарқынды жүруде. Қонаев ауылдық Мәдениет үйінде де күрделі жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр, – деді Қабілет Қанатұлы.
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ
Т.Рысқұлов ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Қаратау қаласында биыл 17 балалар ойын алаңшасы ел игілігіне берілді
- 6 желтоқсан, 2024
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді