Exit poll: қазақстандықтардың 69,8 пайызы АЭС құрылысын қолдады
- author «Ақ жол»
- 7 қазан, 2024
- 1.4k
«Астана – кешенді әлеуметтік зерттеулер институты» жеке қоры «Хабар» агенттігінің тапсырысы аясында АЭС құрылысы мәселесі бойынша республикалық референдумда дауыс беру күні exit poll (референдум учаскелерінен шыққан азаматтар арасында сауалнама) өткізді.
«Үздіксіз ағын әдістемесінің көмегімен Қазақстанның 189 учаскесінде дауыс берген 283 519 азамат қамтылды. Олардан референдум аясында қойылған "Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» деген сұраққа қалай жауап бергені сұралды. Бұл ретте, exit poll нәтижесінде АЭС құрылысын қолдап, «иә» деп дауыс бергендер саны сауалнамаға қатысқан адамдардың 69,8 пайызын құрады. Сауалнамаға қатысқандардың 30,2 пайызы келісімін бермеген. Учаскелерге келу көрсеткіші 67,3 пайыз деңгейінде тіркелді», - деді «Астана – кешенді әлеуметтік зерттеулер институты» жеке қорының талдаушысы Әлібек Тәжібаев.
Оның айтуынша, деректердің қателегі шамамен 1,5 пайыз деңгейінде.
Еске салайық, бүгін қазақстандықтар атом электр станциясын салу мәселесі бойынша референдумда дауыс берді. 6 қазанда ел бойынша 10 249 референдум учаскесінде дауыс беру басталды.1 шілдедегі жағдай бойынша ел көлемінде 12 176 968 адам референдумда дауыс беруге хақылы.
Айта кетейік, 20:00-дегі жағдай бойынша 7 820 918 азамат бюллетень алды. Бұл тізімге енгізілген азаматтардың 63,87 пайызы.
Ұқсас жаңалықтар
Дәріханалардағы дәрі бағасы бір түнде өскені ме?
- 4 желтоқсан, 2025
ЖИ-ді іске асыруда жастардың рөлі ерекше
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




