«Қуат – тірішілік көзі» деп білетін ғасыр куәгері ел ертеңіне бей-жай қарамайтынын айтып, саяси науқаннан қалыс қалмауды ұйғарыпты.
– Небір зұлмат заманды бастан өткеріп, білте шамның жарығымен өсіп-өнген адамбыз. Шіркін, жарық дүниеге не жетсін! Сол себептен де қандай қуат көзін болса да қолдаймын. Бастысы – ел аман, жұрт тыныш болсын, - дейді ғасыр құрдасы.
Егде тартқан жасына қарамастан мемлекеттік маңызды шешімге аса үлкен жауапкершілікпен қараған қазыналы қарияның сөзі де, өзі де көпке үлгі.
Айта кетейік, бүгін өңірдегі дауыс беруге арналған 508 референдум учаскелері ОСК бекіткен нұсқаулығына сәйкес, жарақтандырылып,онда 3616 комиссия мүшелері азаматтарға дауыс беру барысында заң талаптарына сәйкес қызметтер көрсетуде. Бұл жерде айта кететін жағдай, барлық учаскелерде мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін арнайы кабиналар жасақталған.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




