Мектеп ауласында ұлттық әндер әуелеп, домбырадан күмбірлеген күйлер төгіліп тұрды. Халықтың көңіл-күйін көтеру үшін арнайы ұйымдастырылған мәдени бағдарлама айрықша рөл атқарды. Дәстүрлі әуендердің сүйемелдеуімен дауыс беруге келген тұрғындар қазақ халқының бай музыкалық мұрасына бір сәт үңіліп, рухани нәр алып отырды.
Сонымен қатар, ұлттық киімдер киіп шыққан жастардың шеруі де тұрғындардың назарын аударды. Жастар мерекелік шараның сәнін келтіріп, еліміздің рухани және мәдени құндылықтарын дәріптеді. Олардың жаппай қатысуы — жас буынның өз елінің тағдырына бей-жай қарамайтынын, ел болашағына жауапкершілікпен қарайтынын айқындап берді.
Мерекелік атмосферада өткен бұл күн тұрғындарға ерекше әсер сыйлады. Референдум учаскесінде дауыс берушілер өз таңдауын жасап қана қоймай, рухани азық алып, қазақтың ұлттық өнері мен мәдениетіне тәнті болды.
Халықтың белсенділігі мен ұлттық дәстүрлердің үйлесім табуы — еліміздің жарқын болашағына сенімділіктің айғағы іспетті.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




