– Маңызды науқан аясында сайлау учаскесіне тіркелген халықтың жартысы, яғни 50 пайызы, таңдауын жасап үлгерді. Бұл көрсеткіш азаматтардың жауапкершілікті түсінгенін және өз елінің болашағына деген қамқорлықтарын білдіретінін айқын көрсетеді. Әрбір дауыс беруші кезегі келгенде кабинаға өтіп, өз таңдауын жасап, дауыс беріп жатыр. Осы саяси науқан барысында ерекше бір сәтті атап өтуге болады. Тараз қаласының тұрғындары, егіздер Ұлжан Әділханқызы мен Аружан Әділханқызы да өз дауыстарын беріп, азаматтық парыздарын өтеді. Егіздердің бұл маңызды шараға қатысуы көпшіліктің назарын аудартты. Ұлжан Әділханқызы бұл күннің маңызын атап өтіп: «Бүгін еліміз үшін өте маңызды күн. Сондықтан жауапкершілікті сезініп, сайлау учаскесіне келіп, дауыс беруге асықтық. Еліміздің ынтымағы, татулығы, тұрақтылығы үшін дауыс бердік. Себебі, ел келешегі – біздің де келешегіміз, – деді жас өрендер.
Сайлау учаскесінде халықтың белсенді қатысуы, сондай-ақ сайлау барысының дұрыс ұйымдастырылуы осы науқанның маңызын одан әрі арттыра түсті. Ел азаматтары бірлік пен ынтымаққа, тұрақтылық пен даму жолына дауыс беруде. Ұйымдастырушылардың мәлімдеуінше, учаскеде қауіпсіздік шаралары қатаң сақталып, дауыс беру процесі заң талаптарына сай өтіп жатыр.
Жалпы алғанда, №73 сайлау учаскесіндегі жағдай тек жергілікті емес, бүкіл елдің маңызды оқиғасына айналды. Қатысушылардың жоғары белсенділігі елдегі демократиялық процестердің нығаюы мен азаматтардың өз құқықтарына деген жауапкершілікті сезінуінің белгісі ретінде көрінеді. Ел болашағы үшін таңдау жасау – әрбір азаматтың құқығы мен міндеті. Осы орайда, Тараз тұрғындары, әсіресе, егіздер Ұлжан мен Аружан Әділханқызы сияқты жастар, өздерінің болашаққа деген сенімін көрсетіп, азаматтық борыштарын лайықты орындап шықты.
Мұндай белсенділік тек Тараз қаласында ғана емес, бүкіл ел бойынша байқалып отыр. Қоғамның барлық топтары: жастар, егде жастағы азаматтар, кәсіпкерлер, жұмысшылар – барлығы да өз елінің болашағына бейжай қарамай, сайлау процесіне белсене қатысып жатыр. Бұл Қазақстандағы саяси мәдениеттің жоғары деңгейде дамып келе жатқандығын көрсетеді.
Еліміз үшін маңызды күнде сайлау учаскелерінде орын алған осындай жағдайлар қоғамның біртұтас екендігін, елдің дамуы үшін әрбір азаматтың үлесі маңызды екенін дәлелдейді.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді