Отасқандарына жарты ғасыр болған жамбылдық жұп дауыс берді
- author «Ақ жол»
- 6 қазан, 2024
- 866
Отау құрғандарына ел жыл болған үлгілі жұп Бауман атындағы №31 мектептің ғимаратында орналасқан №38 референдум учаскесінде таңдауларын жасады.
– Бүгін қазақ халқы үшін айрықша тарихи күн. Маңызды саяси науқан референдум жарияланды. Қазақстан экономикасы үшін халықтың болашағы үшін үлкен маңызды, күрделі шешімді Мемлекет басшысы халықтың өзіне жүктеп отыр. Әрине,пікір алуандығы, таластар болып жатыр.Дегенмен халық өзінің таңдауын жасайды.Ел азаматтары он сегіз жасқа толғаннан бастап шешім қабылдауға қабілетті.Сондықтан Қазақстанның болашағы үшін,экономикалық,энергетикалық дамуы үшін біз дұрыс шешім қабылдауымыз керек. Әрине Президент жарлығымен немесе Парламет ұйғарымымен-ақ шешім шығаруға болар еді. Алайда Мемлекет басшысы таңдау құқығын халықтың өзіне берді. Келіншегім екеуміз отасқанымызға елу жыл болыпты. Сайлаудың неше түрін көрдік,дауыс бердік. Бүгін міне жалпыхалықтың референдумға келіп тұрмыз. Ел болашағы үшін таңдауымызды жасап жатырмыз, – дейді Ж.Миллионов.
Ардагер журналист пікірін жары Күлпан Төкішқызы да толықтырды
Ұқсас жаңалықтар
Дәріханалардағы дәрі бағасы бір түнде өскені ме?
- 4 желтоқсан, 2025
ЖИ-ді іске асыруда жастардың рөлі ерекше
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




