Айтулы күні өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында сан салада қарымды қызмет атқарған қоғам белсендісі Қасымхан Төлендиев те таңдау жасау науқанынан шет қалмаған.
«Бүгін еліміз өз болашағы үшін таңдау жасауда. Азаматтық құқығымды пайдаланып, отбасыммен бірге өскелең ұрпақ үшін, немерелерім мен шөберелерім үшін дауыс бердім. Біз үшін ең маңыздысы – ел болашағы. Мемлекетіміздің тұрақты өркендеу жолын таңдауы», - деді Қасымхан Төлендиев.
Сөз соңында қоғам белсендісі аймақ тұрғындарын референдумда белсенділік танытуға шақырды.
Айта кетейік, дауыс беру күні учаскелерде «электрондық үкімет» порталы арқылы азаматтардың тіркелген жері бойынша мәліметтерді тексеру онлайн-сервисін іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылданды. Аталған сервис, облыс бойынша 315 учаскеде қызмет көрсететін болады. Оған жауапты комиссия мүшелері арнайы оқытудан өтіп, берілген нұсқаулыққа сәйкес тест режимінде порталға қосылды.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




