Дауыл Ынтықбайұлы жерлестерін саяси науқанға аса үлкен жауапкершілікпен қарап, белсенділік танытуға шақырды.
– Бүгін еліміз үшін шын мәніндегі тарихи күн. Халқымыз бетбұрысты шешім қабылдамақ. Мен де азаматтық парызымды орындап, еліміздің болашағы үшін дауысымды бердім! Бұл – билік үшін емес, халық үшін керек. Бүгінгі референдумның маңызын әр қазақстандық тереңінен түсініп, жауапкершілік танытып, өз таңдауын жасайды деп ойлаймын.
Сондықтан барлық тұрғындарды бүгінгі референдумға белсенді қатысуға шақырамын. Еліміздің болашақ энергетикалық секторын қалыптастыруда әрбір азаматтың пікірі мен дауысы маңызды. Себебі, біз осы арқылы болашаққа үлкен қадам жасап жатырмыз деп ойлаймын. Бүгін қандай таңдау жасасақ, еліміздің энергетика саласындағы тағдыры әрі қарай солай қалыптасатын болады, - деді Партия төреғасы өз сөзінде.
Айта кетейік, референдум комиссиялары өздеріне жүктелген міндеттерге байланысты, референдумға қатысуға құқығы бар азаматтарды тізіммен таныстыру, оларды нақтылау және оларға дауыс беру күні, уақыты, орны туралы хабардар ету бойынша қажетті шаралар қабылдады. Нақтырақ айтқанда, облыс бойынша референдумғақатысуға құқығы бар 717039 азаматтарға шақыру қағаздарын таратуға 2 566 комиссия мүшелері, 2 865 еріктілер және 388 полиция қызметкерлері жұмылдырылып, барлығы 410 мыңнан астам аула, пәтерлер араланып, жалпы саны – 716 680 дана бірыңғай белгіленген форматта шақыру қағаздары таратылып, кері байланыс орнатылды.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді