Барсакелмес аралы туралы айтатындар көп. Нақты ақпарат жоқ. Бірақ жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұл жерде көне заманнан бері адамдар жоғалып кетеді-мыс. Тіпті зерттеу жүргізіп жатқан экспедиция мүшелері де аз уақытқа адасып кетеді. Арал балыққа бай болғандықтан балықшылар да жиі келгіштейді. Келгені сол, балық та жоқ, адам да жоқ болады. Бірі «Аралда динозаврлар өмір сүреді» десе, кейбіреулер «үлкен кесіртке көрдім» дейді. Тіпті өзге ғаламшарлықтарды да көзбен көргендер кезігеді.
Көккөл көлі – өзіміздің Жамбыл облысында орналасқан. Оған ешбір өзен немесе көлдің суы ағып келмейді. Суы әрдайым салқын және мөлдір. Ежелгі аңыздарда Көккөлдің түбі жоқ делінеді. Яғни, су түбіне кеткен нәрсе қайта оралмайды. Сондай-ақ, ол жерден құбыжық шығарған дауыстай қатты ысқырық естіледі. Сондықтан да жергілікті халық арасында көлді паналайтын су айдаһары болуы мүмкін деген аңыз тараған.
Торғай шұңқыры – Орал бойы мен Арал өңіріне дейін созылып жатыр. Ол өз аумағындағы көне діни ғимараттар кешенімен ғана емес, жұмбақ шамдарымен де танымал. Әдетте шамдар кешкі ымырт уақытта көкжиекке жақын тұста пайда болып, өрт тұтанады. Ал, кейін кенеттен ғайып болады. Жарық көрінетін аумақта баспана жоқ екені белгілі болғанымен, барған адамдар осы тылсымға куә болатындарын айтады.
Алматы облысындағы Сапақ ауылының жанында шағын су айдыны Өлі көл бар. Ұзындығы – 100 метр, ені – 60 метр. Белгісіз себептермен көл суы жаздың аптап ыстығында кеуіп кетпейді. Суы мұз болған күйі қалады. Ол жерде балдырлар өспейді, балықтар өмір сүрмейді. Айналасы маса, шыбыннан таза. Көптің пікірінше, бұл мекен қарғысқа ұшыраған. Содан бері Өлі көл аталып кеткен деседі.
Үңгіртас – қуатты күш тарататын киелі тау. Мұндағы тастар мен кертпелерге қуатты энергия шоғырланған. Сол себепті тастың қасында 15 минуттан артық тұра алмайсың. Егер ұзақ бөгеліп қалсаң басың ауырып, жүрегіңді әлсіздік қысады. Бағзыда осы өлкеден аспан жүйесі жер жүйесімен байланысыпты. Сол үшін халық Үңгіртасты «Жер кіндігі» деп атайды.
Әсем АСЫЛБЕК,
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті журналистика мамандығының 3-курс студенті.
Ұқсас жаңалықтар
30 инвестициялық жоба іске асады
- 19 желтоқсан, 2024
Екі ауыл орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылды
- 19 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Қаратау қаласында биыл 17 балалар ойын алаңшасы ел игілігіне берілді
- 6 желтоқсан, 2024
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді