Айтулы іс-шараға «Белсенді ұзақ өмір орталығының» директоры Олжас Ақылбаев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, қалалық ардагерлер кеңесінің төрайымы Күләш Әбдікешова, Шәріп Хантайұлы бастаған қаламыздың құрметті ардагерлері қатысып, мереке иелеріне жылы лебіздерін арнады. Ардагерлерге демалыс, көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында орталық қызметкерлері арнайы концерттік бағдарлама әзірледі. Қызметкерлерден құралған топтар әннен шашу шашып, флэшмоб билеп, әзілге толы әдемі көрініспен кеш көркін қыздырды.
Бұдан бөлек, орталықтың өнерлі ардагері Абдалы Дәуренов Шәмші Қалдаяқовтың әндерінен поппури орындап, көпшілікпен қосыла шырқаса, белсенді ардагерлер З.Тойшыбекова, А.Потехин, З.Жұмабековалар өз өнерлерін ортаға салып, ән-жырдан шашу шашты. Кеш барысында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев «Белсенді ұзақ өмір орталығының» директоры Олжас Бақытбекұлына ардагерлердің қоғамдық өміріне сіңірген елеулі еңбегіне ризашылық білдіріп, алғыс хат табыс етті.
Салтанат ӘЛІМҚҰЛОВА,
«Белсенді ұзақ өмір орталығының» қазақ тілі нұсқаушысы.
Ұқсас жаңалықтар
Әжелер ансамблі шын таланттың жарыққа шығатынына көз жеткізді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




