«Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының басқарушы директоры Равиль Төлебаевтың айтуынша, өткен жылы офтейк және форвардтық келісімшарттар бойынша тауар өндірушілерден 4500 тонна бірінші сұрыпты ұн, 42 тонна қарақұмық, 600 тонна күнбағыс майы, 1060 тонна күріш, майлылығы 2,5 пайызды құрайтын сүт 300, картоп 3000, сәбіз 600, пияз 1000, қырыққабат 500 тонна болса, бірінші санатты 5 мың тауық жұмыртқасы сатып алынған.
– Бүгінгі таңда тұрақтандыру қорының қоймаларында 588,7 тонна бірінші сұрыпты ұн, 1014,6 тонна күріш, 2558 тонна қант, 722,46 мың литр күнбағыс майы, 3,2 тонна тұз, 5 576,92 мың жұмыртқа, 102,1 тонна қарақұмық, 300 тонна сүт өнімдері бар. Ал, өнім өндірушілердің қоймаларында 3986,3 тонна картоп, 788,3 тонна сәбіз, 1000 тонна пияз, 499,35 қырыққабат сақтауға қойылған, – дейді Равиль Төлебаев.
«Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы бүгінгі күні облыс және Тараз қаласы бойынша бағаны тұрақтандыру мақсатында «Дәмді себет» ЖШС (33 сауда нүктесі), «Тәңірберген Б» ЖК (дүкен атауы Нурислам – 3), «KAAN» ЖШС (Фиркан – 18), «OPTOVIK №1» ЖШС (2) сияқты ірі көтерме-тарату орталықтарымен келісім шарт жасасқан. Сондай-ақ, аудандар мен Тараз қаласында «Әлеуметтік дүкен» жобасы 2020 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Бүгінгі таңда 19 әлеуметтік павильон халыққа қызмет көрсетуде. Әлеуметтік павильондарда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар тізбесіндегі тауарлары нарық бағасынан төмен өткерілуде. Онда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының өсуіне жол бермеу және сауда үстемесін 15 пайыздан асырмау бойынша тұрақтандыру қорымен апта сайын мониторинг және түсіндірме жұмыстары жүргізіліп келеді.
Акционерлік қоғам өкілдерінің айтуынша, «Тараз» ӘКК» АҚ-ның тұрақтандыру қорына сатып алынған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік форвард, оффтейк келісім шарттары негізінде өнім өндірушілердің қоймасында сақталады. Форвардтық шарттар мен офтейк-келісімшарттар жасасу кезінде сатушы тауарды ұзақ уақыт сақтауға, меншік немесе жалға алуға жарамды қоймасының болуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ тауар толық өткерілгенге дейін оның тиісті сақталуын қамтамасыз етеді, тауарды жеткізу қоймадан жүзеге асырылады. Олардың сақталу жағдайын үнемі «Тараз» ӘКК» АҚ бақылап тұрады.
– Биыл «Негізгі азық-түлік, азық-түлік емес тауарлары және ақылы қызметтерге бағаны тұрақтандыру жөніндегі тұрақты жұмыс атқаратын облыстық штаб отырысының хаттамасы» негізінде, тұрақтандыру қоры арқылы 2023-2024 жылғы маусымаралық кезеңге көкөніс өнімдеріне жасалған форвардтық келісім-шарттарды 2024-2025 жылғы маусымаралық кезеңге қайта жаңарту (освежение) жүргізілген және де орау, сақтау, өткізу, тасымалдау – өнім берушілердің тарапынан жүзеге асырылады. Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі №280 бұйрығымен бекітілген «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидаларының» 13-3 тармағына сәйкес – Форвардтық шарттар шеңберінде сатып алынатын көкөніс өнімінің көлемі Комиссия шешіміне сәйкес өңірлік сұраныс негізінде облыс (қалалық немесе жалпы), республикалық маңызы бар қала, халқының үш айлық қажеттілігінің 50 пайызына дейін қалыптастырылады. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын тұрақтандыру мақсатында «Негізгі азық-түлік, азық-түлік емес тауарлары және ақылы қызметтерге бағаны тұрақтандыру жөніндегі тұрақты жұмыс атқаратын облыстық штаб отырысының хаттамасы» негізінде облыста әлеуметті маңызы бар азық-түлік тапшылығын болдырмау, баға тұрақтылығын сақтау мақсатында әлеуметтік дүкендерге және Тараз қаласының ірі сауда желілеріне тауарлық интервенция жүргізіледі. Яғни, осы жылы Комиссия хаттамасы негізінде тұрақтандыру қорынан күріштің 1 килограмы 410 теңгеден тауарлық интервенция жүргізіліп, дүкен сөрелерінде 1 килограмм 420 теңгеден өткерілуде. Ал, күріштің нарықтағы бағасы 1 килограмм үшін 450-490 теңге. Сонымен қатар, тұрақтандыру қорынан күнбағыс майының 1 литрі 460 теңгеден тауарлық интервенция жүргізіліп, дүкен сөрелерінде 1 литрі 480 теңгеден шығарылды. Оның нарықтағы бағасы 1 литрі үшін 518-600 теңге. Сол сияқты, 1 килограмм картопқа 105 теңгеден тауарлық интервенция жүргізіліп, дүкен сөрелерінде 1 килограмм 120 теңгеден өткерілсе, ал нарықтағы бағасы 130-210 теңгені құрайды, – дейді акционерлік қоғам директоры Равиль Төлебаев.
Жыл басынан тұрақтандыру қорынан Тараз қаласындағы ірі сауда орталықтары «Нурислам» және «Дәмді себет», «Фиркан», «Оптовик №1» сауда желілеріне келесі тауарлар интервенциясы жүргізілген. Атап айтсақ, Қарақұмық – 1,2, қырыққабат – 0,65, картоп – 13,6, сәбіз – 11,6 тонна, бірінші сұрыпты ұн – 3,3 тонна, күріш – 56,4 тоннаға үлестірілсе, жұмыртқаның 919480 данасы жеткізілген.
– Айта кететін жайт, тұрақтандыру қоры – облыстың аумағында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін құрылған азық-түлік тауарларының жедел қоры. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру мақсатында жүргізілген келіссөздер нәтижесінде өткен жылы тауарларға жасалған келісімшарттардың бағасын қайта қарап, төмен бағамен қосымша келісім жасалды. 460 теңге тұратын күріш бағасы 400 теңгеге, 590 теңге тұратын күнбағыс майы 450 теңгеге төмендетілді. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде 74,8 миллион теңге үнемделді.Көктемгі маусымаралық кезеңде ішкі нарықты ерте пісетін көкөніс тауарларымен қамтамасыз ету мақсатында ірі сауда дүкендеріне 3598 килограмм пияз, 527 килограмм картоп жеткізілді. Ал, үлгілік қағидаларға сәйкес, баға тұрақтандыру мақсатында айналым схемасы бойынша жылдық өсімі 0,01 пайызбен көкөніс өнімдеріне 40,3 миллион теңгемен «Шарипов» шаруа қожалығы қаржыландырылып, жасалған несие шарты негізінде күздік маусымаралық көкөністер, атап айтсақ, 360 тонна қырыққабат, 50 тонна картоп, 40 тонна сәбіз, 50 тонна пияз әлеуметтік дүкендерге және Тараз қаласының сауда желілеріне жеткізілуде, – дейді Равиль Төлебаев.
Сондай-ақ, облыс әкімі аппаратының 2024 жылғы 27 тамыздағы №08-6489 хатына сәйкес әлеуметтік дүкендер осы жылдың 31 тамызы мен қыркүйек айының сенбі күндері өтетін Тараз қаласы, Жамбыл даңғылы мекенжайында орналасқан «Әлеуметтік базар» алаңында ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің жәрмеңкесіне қатысып, өңірлік тұрақтандыру қорының тауарларын төмен бағада өткерді. Жалпы, өңірдегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының тұрақтануына «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы елеулі үлес қосуда.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Қаратау қаласында биыл 17 балалар ойын алаңшасы ел игілігіне берілді
- 6 желтоқсан, 2024
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді