Атаулы күнге орай, мереке қарсаңында облыс әкімінің орынбасары Әбілхайыр Тамабек тыл ардагері Манау Айтжановты мейрамымен құтттықтап, құрмет көрсетті.
–Қоғамның жеткен жетістігі қазыналы қарттарымызға жасалып жатқан жағдаймен өлшенеді. Ардагерлерімізді әлеуметтік жағынан қорғау мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі. Өздеріңіздей көпті көрген ардақты ардагерлердің, қазыналы қариялардың еткен ерен еңбектері ел жадында. Бүгінгі жарқын жетістіктеріміз сіздердің тыным таппай, аянбай атқарған жұмыстарыңыздың жемісі, – деді Әбілхайыр Ғалымұлы.
Өз сөзінде ардагер де құрмет көрсетушілерге ризашылығын жеткізіп, елдің бүтіндігін, болашақтың жарқын болуын тілеп, бата берді. Тыл ардагері Манау Айтжанов Сарысу ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан жан. Ұлы Отан соғысы басталғанда небәрі жеті жастағы бала болған ол соғыс қиындықтарын көріп өсіп, ұжымшар жұмысына белсене араласқан. Еңбек жолын Байқадам ауылында Мәдениет үйінің меңгерушісі болып бастап, әртүрлі салада есепші, бас есепші болып қызмет атқарған. Қызмет жолын Сарысу аудандық жол бөлімінің бас есепшісі болып аяқтап, зейнетке шыққан.
Бүгінде тоқсанның төріне шықса да әлі де қуатты қария жастарға тағылымды әңгімелерін айтып, елімізде жүзеге асып жатқан бастамалар мен өзгерістерден хабардар екендігін жеткізді.
Нұрболат АМАНБЕК
Ұқсас жаңалықтар
Ана мен бала мемлекет қорғауында
- Бүгін, 09:57
Ақпарат
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді