Олардың қатарында өңір журналистикасының ақсақалы, белгілі жазушы, драматург, публицист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Елен Әлімжан да бар. Қабырғалы қаламгерді арнайы құттықтап келген облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек қазыналы қарияға сый-сияпат табыстады. Елен Әлімжан ұзақ жылдар өңірлік және республикалық басылымдарда абыройлы қызмет етті. Облыстық «Aq jol» газетінде де бас редактордың орынбасары бола жүріп, талай талантты жастың баспасөз бетінде көрінуіне ықпал етті. Бірақ, шығармашылығын ешқашан шетке ысырған емес. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін ол өзінің сүйікті ісіне көбірек уақыт бөле бастады. Оның қаламынан туған көптеген драматургиялық шығармалар бүгінде ел театрларында үздік туындылар қатарында. Үлкенге құрмет көрсете келген Қанатбек Мәдібек жазушыға ақ тілегін арнады.
– Өзіңіздей қабырғалы қаламгермен бір кезеңде өмір сүріп, сіздің батаңызды алып, ақыл-кеңесіңізге құлақ түрген біздей жастардың арманы жоқ. Сіздің шығармашылығыңызды айрықша бағалап, өзіңізге құрмет көрсетуді міндетіміз деп санаймыз. Үнемі дәл бүгінгідей рухты, қуатты қалпыңыздан таймаңыз. Оқырмандарыңыз қаламыңыздан туған жаңа шығармаларды асыға күтеді. Өңірге сіңірген еңбегіңізді ел ешқашан ұмытпайды. Сондықтан барша жамбылдықтардың атынан деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілейміз, – деді Қанатбек Қайшыбекұлы.
Өз сөзінде қаламгер атаулы күнде өзін елеп- ескеріп арнайы құттықтай келге н азаматтарға ақ батасын беріп, ризашылығын білдірді.
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ
Ұқсас жаңалықтар
Дәріханалардағы дәрі бағасы бір түнде өскені ме?
- 4 желтоқсан, 2025
ЖИ-ді іске асыруда жастардың рөлі ерекше
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




