
Акция жастардың қала тазалығын сақтауына және экологиялық жағдайды жақсарту шараларына белсенді қатысуына ықпал етуде. Шараға қатысушылар айналаны тұрмыстық қалдықтардан ластану мәселесіне баса назар аударып, канал маңы мен оған жақын аумақтарды қоқыстан тазартты.
– Бүгін Сеңкібай каналының маңайында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында күзгі тазалық жұмыстары жалғасып жатыр. Акцияға жастар ұйымдары, БАҚ өкілдері, «Жасыл ел» еңбек жасақтары, қоғамның түрлі сала өкілдері атсалысуда. Тазалық жұмыстары барысында каналдың жағасы ғана емес, айналасында тұрған үйлердің, стадионның маңайын толық қоқыстан тазартып жатырмыз. Бүгінгі акцияға отызға жуық студент қатысып отыр. Ал жаз бойғы тазалық жұмыстарында 300-ге жуық тазалыққа бей-жай қарамайтын студенттер белсенділік танытты, – деді Қазақстан студенттер альянсының Жамбыл облысы бойынша филиал басшысы Дархан Байпақ.
– Мұндай іс-шаралар экологиялық жағдайды жақсартуға ықпал етіп қана қоймай, тұрғындарға тазалық пен табиғатты сақтаудың маңыздылығын түсіндіруге көмектеседі. «Жастарымыздың осындай іс-шараларға белсене қатысып жатқанын көріп, ерекше қуанып жатырмыз. Бұл олардың туған қаласына деген жоғары әлеуметтік жауапкершілігі мен қамқорлығын көрсетеді. Біз үшін қоқысты шығарып қана қоймай, қоршаған ортаны құрметтеу мәдениетін қалыптастыру маңызды», – деді Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Гауһар Олжабаева.
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ
Ұқсас жаңалықтар
Мемлекеттік тілдің мәртебесі маңызды
- 20 ақпан, 2025
Жұмыссыз азаматтарды жұмысқа тарту – басты мәселе
- 20 ақпан, 2025
Ақпарат
Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына орай облыстық семинар өтті
- 13 ақпан, 2025
Ұстаздық деген ұлы жол
- 21 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді