Орталықтың мақсаты – зейнеткерлердің бос уақытын жүйелі ұйымдастыру, өмір сүру сапасын жақсарту, шығармашылықпен айналысуына жағдай жасау.
Жаңа нысан 60 адамға шақталған. Мұнда әлеуметтік сауықтыру, медициналық, психологиялық, педагогикалық, мәдени, еңбек, тұрмыстық бағыттар бойынша 24 түрлі қызмет көрсетіледі.
Айта кетейік, өткен жылдың қараша айында «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы Тараз қаласында ашылып, зейнеткерлердің игілігіне берілген болатын.
Әлеуметтік нысан аудандар арасында алғаш рет Меркіде бой көтеріп отыр.
Орталық қызметін жетілдіру үшін меркілік мамандарға Таразда арнайы оқыту семинары ұйымдастырылды.
Жалпы, облыста 131 мыңға жуық қарт, оның ішінде 15 Ұлы Отан соғысының ардагері мен 2 мыңнан аса тыл еңбеккері бар.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Жас мамандарға жағдай жасалуда
- 19 наурыз, 2026
Журналист Эльмира Мырза-Ғали "Құрмет" орденінің иегері атанды
- 19 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




