Жасөспірімдердің девиантты мінезінің қалай алдын аламыз?
- author «Ақ жол»
- 3 қазан, 2024
- 266
Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқы көбіне әлеуметтік және психологиялық қиындықтардан туындайды. Отбасындағы қиын жағдайлар, оқу орындарындағы түсініспеушілік, жасөспірімдердің эмоционалдық және әлеуметтік қолдаусыз қалуы осындай мінез-құлықтың пайда болуына себеп болуы мүмкін. Сондықтан, бұл мәселені шешудің маңызды бөлігі ретінде жасөспірімдерді ұжымдық шығармашылық қызметке тарту арқылы олардың дамуына көмектесуді ұсынамыз.
Әлеуметтік-педагогикалық сүйемелдеу процесінде педагогтер мен әлеуметтік қызметкерлердің рөлі маңызды. Олар жасөспірімдерді бағыттап, шығармашылық жобаларды ұйымдастырып қана қоймай, жасөспірімдерге әрдайым қолдау көрсетіп отырады. Әрбір жасөспірімге жеке назар аударып, оның қабілеттері мен қызығушылықтарын ескеру – бұл процестің негізгі бөлігі.
Бүгінгі таңда көптеген мектептерде және жасөспірімдер орталықтарында шығармашылық фестивальдер, театр қойылымдары, көрмелер ұйымдастырылып та жүр. Мұндай іс-шараларға қатысу жасөспірімдерге өз таланттарын ашуға және басқа адамдармен өзара әрекеттесуді үйренуге мүмкіндік береді. Мысалы, театр үйірмелері жасөспірімдерге түрлі рөлдерді ойнап, өз эмоцияларын білдіруге және оларды дұрыс басқаруға көмектеседі. Сурет салу немесе мүсіндеу сабақтары ішкі күйзелісті жеңілдетуге және өзін шығармашылық арқылы білдіруге мүмкіндік береді. Музыкалық топтар мен хореографиялық дәрістер ұжымдық жұмыстың маңыздылығын және өзара түсіністікті арттырады.
Ұжымдық шығармашылық қызмет арқылы жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының алдын алу – бұл жасөспірімдердің үйлесімді дамуына ықпал ететін тиімді әдіс. Ол жасөспірімдерге өз қабілеттерін дамытуға, әлеуметтік ортада өз орнын табуға және девиантты әрекеттерден аулақ болуға көмектеседі. Әлеуметтік-педагогикалық сүйемелдеудің бұл тәсілі жасөспірімдерге өздерін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуге және олардың болашақтағы жетістіктерінің негізін қалауға мүмкіндік береді.
Нұрилә ДҮЙСЕНАЛЫ,
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Арнайы және әлеуметтік педагогика» кафедрасының 2-курс магистранты.
Ұқсас жаңалықтар
Партиялық бақылау комиссиясы – қоғам зердесі
- 24 қаңтар, 2025
Былтыр 23 мыңнан астам баланың алименті өндірілді – Прокуратура
- 24 қаңтар, 2025
Ақпарат
Ұстаздық деген ұлы жол
- 21 қаңтар, 2025
Таразда ҚАЖ департаменті жыл қорытындысын жасады
- 16 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді