Әуелі облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметіне мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың және мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауына жүргізілген жоспарлы тексерудің нәтижелері бойынша атқарылған жұмыстар туралы аталған басқарма басшысы Ернар Ибраимов хабарлама жасады. Ернар Таласбекұлы мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш рет кірген қызметшілерге практикалық көмек көрсету үшін тәлімгерлер бекітілгенін, жоспарлы тексеру мерзімінде біліктілікті арттыру семинарында 2023 жылы 4, биыл 4 қызметші оқытылғанын, сондай-ақ былтыр 1 мемлекеттік қызметші қайта даярлау курсынан өткенін айтты. Одан бөлек, басқарманың барлық қызметкерлері жеке табыс салығы мен мүлкі жөніндегі декларацияны уақытында тапсырған. Басқармада еңбек тәртібін сақтау бойынша мониторинг жұмыстары тұрақты жүргізіледі. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаменті тарапынан басқарманың қызметіне жүргізілген жоспарлы тексеру барысында анықталған заң бұзушылықтарды жою бойынша тиісті іс-шаралар атқарылды. Атап айтқанда, басқарманың 14 мемлекеттік қызметшісінің лауазымдық нұсқаулықтары талаптарға сәйкестендірілді. Сонымен бірге, 15 мемлекеттік әкімшілік қызметшінің қызметтік тізімдері бекітілген тәртіпте мемлекеттік органның персоналды басқару қызметінің мөрімен куәландырылды. Басқарма басшысы мекеменің жауапты мамандары арасында мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану тәртібі бойынша да түсіндірме жұмыстары тұрақты жүргізіліп тұратынына тоқталды.
Кеңесте Талас және Шу аудандары әкімдері аппараттарының әдеп жөніндегі уәкілдері Айман Оңғарова мен Лиза Есмамбетова 2023 жылы және 2024 жылдың өткен кезеңінде атқарылған жұмыстардың қорытындылары туралы баяндады. Айман Бақытқызы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі талаптарын сақтау бойынша 254 жеке консультативті көмек көрсетілгенін, бұл жөнінде елді мекендерде 16 кездесу өткізілгенін, Facebook әлеуметтік желісінде мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің талаптарын сақтауы бойынша бір тікелей эфир өткізіліп, қолданушылардың қойған сұрақтарға тиісті жауаптар берілгенін айтып өтті. Мемлекеттік қызмет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларындағы заңнамаларды сақтау бойынша 118 түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 51 дәріс пен семинар өткізілсе, интернет-ресурстарда 45 түрлі материал жарияланған. Қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ, ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында мемлекеттік қызметшілермен 2 анонимді сауалнама жүргізіліп, оған 236 адам қамтылған. Сауалнама қорытындысы мемлекеттік қызметшілердің 87 пайызы ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың ұнайтындығын, тікелей басшысы ұжымда тек қана іскерлік өзара қарым-қатынас құруға ықпал ететінін көрсеткен. Сонымен қатар, аудан әкімдігінің бөлім басшыларына, Қаратау қаласы және ауылдық округ әкімдеріне және көлік жүргізушілерге мемлекеттік мүлікті тек нысаналы мақсаты бойынша, лауазымдық міндеттерін және рұқсат етілген қызмет түрлерін орындау үшін пайдалану бойынша (оның ішінде қызметтік автокөліктер) түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мемлекеттік органның оң имиджін және ұжымда жағымды ахуал қалыптастыруға елеулі үлес қосқан 24 мемлекеттік қызметші аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталып, 2 жас қызметшінің ата-аналарына облыс әкімінің алғыс хаты тапсырылған.
Шу ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімшесінің басшысы Лиза Есмамбетова ауданда белсенді мемлекеттік қызметшілер арасында «Руханият» еріктілер қозғалысы жұмыс істейтінін, жалпы 198 мемлекеттік қызметшінің 65-і еріктілер қозғалысына тартылғанын, еріктілер «Асар» жобасымен тұрғын үйдің тұрғызылуына үлес қосқанын, бұдан бөлек, қариялардың үйіне барып, қыста қарын тазалап, отын-суын реттеп, тығыз байланыс орнатқанын атап өтті. Биыл ерікті мемлекеттік қызметшілер тарапынан әлеуметтік тұрғыдан осал, аз қамтылған 28 отбасыға азық-түлік және басқа да қажеттіліктері бойынша көмек көрсетілген.
Жыл басынан бері бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілерде мемлекеттік қызметшілерге қатысты жарияланған сыни материалдарды анықтауға жүргізілген мониторингтің және мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының 2024 жылдың екінші тоқсанында атқарылған жұмыстарға жасаған талдауының қорытындылары туралы мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас мамандары Сандуғаш Жүзбаева мен Жарқын Тамаев хабарламалар жасады.
Әдеп жөніндегі кеңес отырысында профилактикалық сипаттағы мәселелерді қарау нәтижесінде орындалуға жататын тиісті ұсынымдар енгізілді.
Жүрсінгүл ЖАҚЫП
Ұқсас жаңалықтар
Аймақта әк шығаратын зауыттың құрылысы жүргізілуде
- 26 желтоқсан, 2024
Аға буынның айтары көп
- 26 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді