Қожалық жетекшісі Керім Уджурдың айтуынша, осы кәсіппен айналысқандарына жиырма жылға жуықтапты. «Күз айлары молшылықтың, береке-ырыстың айы. Біз үшін, диқан қауымы үшін қауырт шақ. Күздің әрбір шуақты сәтін тиімді, ұтымды пайдаланып, көкөніс пен картобымызды ертерек жинап алып, қамбаға жинауға күш саламыз. Жаз бойы талмай істеген еңбегінің жемісін, табиғаттың сарқылмас сыйын көретін де осы шақ екені даусыз. Төккен тер мен еткен еңбек еленіп, оның жемісін татып жатқанға не жетсін», дейді қожалық жетекшісі.
Шаруашылықтың басы-қасында жүріп, көп шаруаға араласып жүрген қожалық жетекшісінің көмекшісі Рахим Омарұлы негізгі жұмыс барысымен таныстырды. Оның айтуынша, қожалық 2008 жылдан бері көкөніс және дәнді-дақылдарды өсірумен айналысып келеді.
– «Бағбан болсаң бақ өсір, балама деп тағы өсір» дегендей, табиғи өнімнің сұранысы қашанда жоғары. Шаруа қожалықтың жетекшісі туыс ағам. Барлығымыздың «илегеніміз бір терінің пұшпағы». Яғни, осы ауыл шаруашылығында диқаншылықпен айналысу. Жалпы, біздің қожалық көп жылдардан бері егіншілікпен, оның ішінде көкөніс өсірумен айналысып келеді. Биыл да сол картоп пен пияз, малға арнап жоңышқа мен арпа, жүгері дақылын отырғыздық. Көлемді орын алғаны да сол картоп пен жоңышқа. 70 гектар алқапқа картоп, 100 гектарға жоңышқа орналастырдық. Жұмысты оңтайландыру үшін арнайы ауылшаруашылық техникамыз да бар, – дейді Рахим Уджур.
Егінді егу оңай болғанымен оны баптау, өсіру қиын. Маңдай теріңді төгіп, еңбек етпесең, жерден пайда таба алмайсың. Айта кету керек, бұл шаруа қожалығында егіс жұмыстарына 250 үлескер жұмылдырылып, өз нәпақасын теруде.
Сонымен қатар, механик, механизатор, агроном лауазымындағы тұрақты қызметкерлері бар. Дала төсінде күннің ыстығына, желі мен жаңбырына қарамай еңбек етіп жүрген кез келген еңбек адамы қандай сый-құрметке болса да лайық. Елге келетін ырыс еңбекпен еселенетінін есімізден шығармаған жөн. Шаруалардың ел игілігі үшін жасап жатқан жұмысын көріп еріксіз көңілің серпіледі. Біздің ұққанымыздай, әзірге көкөніс алқаптарында жұмыс бірқалыпты жүріп жатыр.
Әділет ҚҰТТЫБАЙ,
журналист.
Қордай ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Басты міндет – экономикалық өсімді қамтамасыз ету
- 26 желтоқсан, 2024
Президенттің балаларға ерекше құрметі
- 26 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді