Биыл жыл басынан бері министрліктің Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығы газ-ауа қоспасының тарсылы болған 17 оқиғаны тіркеген. Онда 6 адам қайтыс болып, тағы 36 азамат түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. ТЖМ аумақтық бөлімшелері өрт орнынан 194-нің сыйымдылығы 50 литр болатын 961 газ баллонын шығарған. Министрліктің мәліметінше, былтыр баллондардың жарылуы мен газ-ауа қоспасы тарсылы болған 128 оқиға тіркеліп, онда 21 адам қаза тапқанын және 167 адам жарақат алғанын атап өткен жөн. Газ баллондарының жарылуы мен газ-ауа қоспасы тарсылының негізгі себептері қауіпсіз пайдалану талаптарын және тұрмыстық газ баллоны мен газ жабдығын сақтау ережелерін бұзу, олардың дұрыс жұмыс істемеуі болып табылады.
Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары газ баллондарын пайдалану ережелерін сақтай отырып, өрттің өсуін болдырмауға болатынын еске салады. Мәселен, баллондарды тек мамандандырылған пункттерде толтыру қажет. Автокөлікке жанармай құю стансаларында тұрмыстық газ баллондарын толтыруға тыйым салынады. Екі қабаттан асатын көпқабатты тұрғын үйлерде газ баллондарын пайдаланбаңыз және баллон корпусының қызуына жол бермеңіз. Үй-жайда газдың иісі пайда болған кезде газ беру кранын жауып, үй-жайды желдету үшін терезелер мен есіктерді дереу ашу, ашық отты пайдаланбау, электр қуатын қоспау керек. Сондай-ақ, жұмыс істеп тұрған газ құрылғыларын қараусыз қалдыруға болмайды. Балалардың газ құралдарын пайдалануына жол бермеңіз. Газдың шығуын тексеру үшін сабын ерітіндісін қолданыңыз, әрі газ жабдықтарын уақытылы тексеру және жөндеу қажет. Ақаулы жылыту аспаптары мен газ жабдықтарын пайдалануға тыйым салынады.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті газ баллонын суықтан жылы жерге кіргізіп, жылу көзінің жанына қоюға болмайтынын еске салады. Абай болыңыз, еліміз үшін әрбір өмір маңызды!
Жүрсінгүл ЖАҚЫП
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді