Басқарма басшысының сөзінше, қаңтар-тамыз айлары аралығында облыстың экономика лық өсімі 104,1 пайызды құраған.
– Жыл басынан бері негізгі капиталға 277,8 миллиард теңге инвестиция тартылып, жұмыссыздық 4,8 пайыз деңгейінде қалыптасты. Ал, инфляция деңгейі орташа республикалық көрсеткіштен 0,8 пайыздық тармаққа төмен қалыптасты. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 570,7 миллиард теңгені, ауыл шаруашылығы саласында жалпы өнім көлемі 204,1 миллиард теңгені құрады. Бүгінде аталған салада егін жинау науқаны жүруде. Өткен аптаның қорытындысымен облыста 352,9 мың гектардан 586,4 мың тонна дәнді дақылдар жиналып, 1 гектардың өнімділік көрсеткіші 16,6 центнерге тең болды. Бұдан бөлек, 60,4 мың тонна картоп, 269,8 мың тонна көкөніс, 132,6 мың тонна бақша дақылдары жиналды. Нәтижесінде, өсімдік шаруашылығының өсімі 87,3 миллиард теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңінен 12,5 пайызға артық қалыптасты, – д ед і Сандуғаш Ермаханқызы.
Басқарма басшысының айтуынша, өңірде бұдан өзге мал шаруашылығы, инфрақұрылым саласы, сауда айналымы, көлік қызметтері бойынша дамудың оң динамикасы байқалып отыр.
Сонымен бірге, аппаратық жиынның күн тәртібінде «Ауыл – ел бе сігі» жобасы аясында іске асып жатқан жұмыстар жайы да қаралды. Еске сала кетсек, ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту, ауылдарды тұрақты дамыту мақсатында 2019 жылдан бастап елімізде «Ауыл–ел бесігі» жобасы іске асырылып келеді.
Аталған жоба әлеуметтік салада білім, денсаулық, мәдениет және спорт нысандарының, коммуналдық шаруашылық саласында сумен, жылумен, газбен және электрмен жабдықтау желілерінің құрылысын, қайта жаңғыртуды және күрделі жөндеуді, ауылішілік көшелерді жарықтандыру және орташа жөндеу жұмыстарын қаржыландыруды көздейді. Облыс әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Сандуғаш Абдралиеваның сөзінше, 2019- 2023 жылдары «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы аясында 167 ауылдық елді мекенде 48,6 миллиард теңгеге 755 жоба қаржыландырылған. Ал, биылғы жылы жоба аясында 51 нысан құрылысы, 6 нысанға күрделі,178 нысанға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып, күні бүгінге дейін 128 жоба пайдалануға берілген.
Өз сөзінде аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев жыл соңына дейін белгілеген экономикалық міндеттер мен межеге қол жеткізу үшін жауапты органдар тарапынан жұмыстардың жүйелі жүзеге асырылуы керектігін баса айтты.
– Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуында белгіленген межеге қол жеткізу өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс салалары мен инвестиция тарту ісіне тікелей байланысты. Сондықтан, бұл бағытта аудан әкімдері мен салаға жауапты басқарма басшылары экономикалық өсімді қамтамасыз ету жоспарына сәйкес бірлесе жұмыс атқаруы қажет. Сондай-ақ, халықтың табысын арттыру әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету, жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру бойынша мемлекеттік қолдаудың барлық шаралары тиімді жүзеге асырылуы шарт, – деді Ербол Шырақпайұлы.
Бұдан бөлек, аймақ басшысы өңірдің даму көрсеткіштерінде оң динамиканы қалыптастыру бағытында құрылыс жұмыстары бекітілген кестеге пайдалануға берілу керектігін, бюджет қаражатын жоспарлы игеру мақсатында жан-жақты шаралар қабылдануы қажеттігін айтып, жауаптыларға аталған мәселелерді бақылауда ұстауды тапсырды.
Нұрболат АМАНБЕК
Ұқсас жаңалықтар
30 инвестициялық жоба іске асады
- 19 желтоқсан, 2024
Екі ауыл орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылды
- 19 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Қаратау қаласында биыл 17 балалар ойын алаңшасы ел игілігіне берілді
- 6 желтоқсан, 2024
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді