Байзақ ауданында «Miras» аймақтық кеңесінің көшпелі отырысы өтті
- author «Ақ жол»
- 25 қыркүйек, 2024
- 899
Кеңес мүшелері негізгі отырыс басталмастан бұрын тарихи-мәдени ескерткіштер мен мәдениет үйлерінің жағдайымен танысты. Нәтижесінде кейбір ауылдардағы көне қалашықтарға ерекше күтім керек екені анықталды. Аталған сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысын Байзақ ауданы әкімінің орынбасары Рүстем Қасымов баяндап, кеңес мүшелерінің сауалдарына жауап берді.
Жалпы, ауданда 2020 жылы «Жол картасы» бағдарламасы аясында Бурыл ауылынан 180 орындық, Жетібай ауылынан 90 орындық, Көкбастау ауылынан 90 орындық клубтар соғылған. 2023 жылы Тегістік ауылынан 90 орындық клуб соғылып, пайдалануға берілсе, алдағы күндері Кеңес ауылынан тағы бір 90 орындық клубтың құрылысы аяқталмақ.

Сондай-ақ, кеңес отырысында «Тарихи мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясының» директоры Қуаныш Дәуренбеков те баяндама жасады. Оның сөзінше, бүгінгі күні облысымызда 3435 тарихи-мәдени ескерткіш болса, оның 235-і Байзақ ауданында орналасқан. Қазіргі таңда, ол нысандардың күтіп-бапталуы мемлекет назарына алынған.
Ұқсас жаңалықтар
Дәріханалардағы дәрі бағасы бір түнде өскені ме?
- 4 желтоқсан, 2025
ЖИ-ді іске асыруда жастардың рөлі ерекше
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




