- Advertisement -

Тағайындау

147

- Advertisement -

Облыс әкімінің 2015 жылғы
22 қаңтардағы №33-Ө өкімімен С.М.Қойбақов облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының қызметіне тағайындалды

Қойбақов Серік Мамыртайұлы 1956 жылы туылған, ұлты – қазақ, білімі – жоғары, 1979 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын орман шаруашылығы мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1979 жылы Жамбыл облысы орман шаруашылығы және орман қорғау басқармасының Луговой орман мелиоративтік бекетінде орманшы болып бастаған.
1984-1986 жылдары облыстық орман шаруашылығы және ормандарды қорғау басқармасының Жамбыл орман шаруашылығы Мақпал орманшылығының орманшысы, аға орманшысы, 1986-1988 жылдары Луговой орман шаруашылығының директоры, 1988-1993 жылдары Луговой орман шаруашылығының аға орманшысы,1993-1995 жылдары Ақыртөбе орман шаруашылығының аға орманшысы, 1998-2000 жылдары Жамбыл орман және аң шаруашылығы мекемесі директорының орынбасары, 2000-2006 жылдары «Тараз Орманы» РМК директорының орынбасары, 2006-2009 жылдары облыс әкімдігінің Меркі ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің директоры қызметтерін атқарған.
2009-2015 жылдары аралығында облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет атқарған.
Үйленген, 5 бала тәрбиелеп өсіруде.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support