Аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Жандос Құдиярханның айтуынша, аталған ауданда 2024 жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 10 642,5 миллион теңгені құраған. Оның ішінде мал шаруашылығында 8 897,9 миллион теңгенің өнімдері және өсімдік шаруашылығында 1704,3 миллион теңгенің өнімдері өндіріліпті. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің нақты көлем индексі 102,1 пайызды, оның ішінде мал шаруашылығы нақты көлем индексі 100,8, өсімдік шаруашылығы бойынша көрсеткіш 108,7 пайызды құрапты.
Ағымдағы жылдың 7 айы бойынша мүйізді ірі қара – 32 254 , қой-ешкі – 410036, жылқы – 16464, түйе 2251 бас болып өсіп отыр. Биыл 8 айдың қорытындысы бойынша мал мен құс еті (тірідей салмағымен) – 7 024 тонна, сүті – 3 552,1 тонна, алынған тауық жұмыртқалары 2 147 мың дананы құрапты. Бұл өткен жылғы осы уақыттағы көрсеткіштермен салыстырғанда: еттің 100,4, сүттің 101,1, жұмыртқаның 100,5 пайызға көбейгенін дәлелдейді. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі 8 айдың қорытындысымен 169,9 миллион теңгені құрады, жылдық жоспар 2 560 миллион теңге.
2024 жылдың өнімі үшін барлығы 11648 гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылған. Оның ішінде, күздік бидай 4500 гектар және бұрынғы жылдардағы көпжылдық шөп 4185 гектарды құрап отыр.
Көктем айларында 3035 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілгені нақты істің дәлелі. Оның ішінде, 1050 гектар жаздық арпа, 231 гектар дәндік жүгері, 350 гектар мақсары, 80 гектар картоп, 155 гектар бақша, 158 гектар көкөніс, 171 гектар қызылша және 840 гектарға көпжылдық шөп себіліпті.
«Кең дала» несиелік бағдарламасы бойынша Бостандық ауылдық округінен «Демеш» шаруа қожалығы 32,6 миллион теңге, «Шәріпбай» шаруа қожалығы 10 миллион теңге қаражат алған. Жалпы, 42,6 миллион теңге қаражатқа аталған шаруа қожалықтар жұмыстарын одан әрі қарай ширата түсті.
Биылғы жылға 284 гектар егіс көлемін тамшылатып және жаңбырлатып суару әдісі арқылы, 50 гектар лазерлік жоспарлаушымен егілген. Оның ішінде «Зерхат» шаруа қожалығы – 173 гектар, «Шәріпбай» шаруа қожалығы – 26 гектар, «Нұрдаулет» шаруа қожалығы – 25 гектар, «Демеш» шаруа қожалығы 60 гектар егіп, оң нәтижесін көріп отыр.
Лазерлік жоспарлаушымен егілген «Жаңалық» шаруа қожалығының – 30 гектар, «Малдыбай» шаруа қожалығының 20 гектар алқабы жайқалып тұр.
2024 жылдың 8 айында ауданға 61 техника, атап айтқанда 23 трактор, 38 басқа да техника сатып алынып, жоспар 7,4 пайызға орындалғаны елдің назарында. Оның ішінде өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникаларының жаңаруы 23 бірлік трактор болып тіркеліп, 16 пайызға орындалды. Жоспар 5,2 пайыз болатын.
Ағымдағы жылғы көктемгі дала жұмыстарына ақпан-сәуір айларына жалпы 180,6 тонна кепілдендірілген дизель отыны бөлінді. Аудан бойынша 1 таратушы оператор «Сарыпбекова» жеке кәсіпкерлігі болып бекітілді. Шаруашылықтарға арзандатылған түрде тарату бағасы 250 теңге болып белгіленіп, таратылған.
Ауданға күзгі дала жұмыстары үшін барлығы 193,9 тонна дизель отыны бөлінді. Дизель отынын сатып алуды, жеткізіп беруді және таратуды ұйымдастыруға операторлыққа бекітілген «Таң» ЖШС белгіленіп, 1 литрі 250,0 теңгеден босатылыпты. Бүгінгі күнге дейін 39,7 тонна таратылған. Бұл жұмыс жалғасын таба беретіні анық.
Аудан бойынша 2024 жылы жалпы 915,3 тонна (2023 жылы 489,7) тыңайтқыш алу жоспарланған. Жоспар 80 пайызға орындалды.
2023-2024 жылғы мал қыстату науқанына дайындалған ірі сабақты мал азығы – 237900 тонна. Барлық мал азығы дайындалатын жер көлемі – 23572 гектар. Оның ішінде, көпжылдық шөп – 5025 гектар, шабындық – 18295 гектар. Бүгінгі күнге дайындалғаны – 231 581 тонна немесе 97 пайызды құрапты.
Бір сөзбен айтқанда, ауыл шаруашылығында жаңашыл жұмыс істеу, заманауи техникалар мен қондырғыларды пайдалану ісіне де таластықтардың ден қойып отырғаны қуантады. Алдағы белестері мен жоспарлары одан да айқын.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді