Фибоначчи сандарын құрушы – ортағасырлық Еуропаның алғашқы математиктерінің бірі Пизалық Леонардо. Көзі тірісінде ол математикалық турнирлерді қатты жақсы көріп, осы себепті өз еңбектерінде түрлі математикалық есептерді жиі талдап отырады. Оның 1202 жылы жарыққа шыққан «Абак кітабы» еңбегіндегі мысалға келтірген есебі келесі ғасырларда математиктер арасында өте танымал болды. Қызығы сол, Леонардо мұнда жұп қоянның бір жылда қаншаға көбейетіндігін есептеп шығармақ болған. Осылайша ол 1+1 қосындысына әр келесі санды қосу арқылы 2,3,5,8,13,21... мысалындағы шексіз тізбекті ойлап табады. Ал, осы тізбек Фибоначчи сандары аталып, әр көрші сандардың бөліндісі «Алтын қима» деген атқа ие болады. «Алтын қима» әрдайым 1,6-ға тең, әрі математикада φ (фи) саны деп белгіленеді. Дәл осы сандық қатынас мінсіз бейнелердің кепілі саналады. Мұны антикалық дәуір сәулетшілері ертеден-ақ түсініп, ғимараттар құрылысында кәдеге жарата білген. Тіпті, бұл қатынас пирамида құрылысында да сақталып, ренесанс кезеңіндегі суретшілер туындыларында да кездеседі. Оны ең көп қолданған өнер адамы ретінде Леонарда да Винчи аталады. Оның әйгілі «Мона Лиза», «Витрувиандық адам» картиналарында осы қатынас сақталған. Осы арқылы туынды авторы Фибоначчи сандарының адам денесінде де кездесетіндігін көрсетіп кеткен. Яғни, аяқ пен қол ұзындығы, бет пішіні мен маңдай, шынтақ пен иыққа дейінгі дене мүшелерінің ұзындығының қатынасы да дәл осы «Алтын қима» мәніне тең.
Математикадағы бұл алтын қатынас спира ль түрінде табиғатта да көп кездеседі. Мәселен, күнбағыс дәнектерінің орналасу реті, ағаш өзегіндегі сызықтар, ұлу қабыршағы, теңіздегі қауіпті су иірімдері мен ғаламшарлардың орналасу реті де белгілі бір спиральді бейнені көрсетеді. Дәл осындағы әрбір шеңбер арасындағы өлшем де фи санына тең. Табиғаттың осы бір тылсым құпиясын меңгерген бүгінгі заманның қылқалам шеберлері мен фотографтар әрдайым осы ракурсты пайдаланып қалуға тырысады. Сондай-ақ, қазіргі таңда дизайн, қаржы, трейдинг, программалау тілінде де Фибоначчи сандары кеңінен қолданылады.
Нұрболат АМАНБЕК
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді