Жамбылдық орманшы отқа оранған көліктен 4 адамды аман алып шықты
- author «Ақ жол»
- 23 қыркүйек, 2024
- 376
QAZAQSTAN ұлттық арнасының «Жақсылық жаса» бағдарласамына осы оқиғаның куәгері Мәди Әлиевтің жұбайы Қарашаш Сыздықова келіп, мән-жайды баяндады.
«Ауылға қайтып бара жатқанбыз. Қасымыздан өткен Audi көлігі қарсы бағытта келе жатқан газельмен соқтығысып өртке оранды. Күйеуім бірден көлікті тоқтатып, көмекке жүгірді. Жеңіл көліктегі жолаушылар біздің ауылдың адамдары екен. Бірінші көлік жүргізушісін, кейін туғанына шамамен он күндей болған сәби, 1,5 жасар қыз бала мен әкесін шығарып алды. Өкінішке қарай, аналары сол мезетте жан тапсырған екен. Көбі жанып жатқан көлікке жақындай алмай жатты, жолдасым соған қарамастан адамдарды құтқарды. Жолдасымды қатты уайымдадым», - Қарашаш Сыздықова, оқиға куәгері.
Мәди Әлиевтің айтуынша, бәрінен де көліктен балалардың әкесін шығару қиынға түскен, себебі ол көліктің алдында отырған.
«Барлығы көз алдымда болды. Көлігімді тоқтата салып жүгіріп бардым. Тірідей өртеніп кете ме екен дедім, бар ойым адамдарды аман алып қалу болды. Қасымда өтіп бара жатқан жүк көлігінің жүргізушісі көмекке шақырдым. Есікті бірге темір құбырмен ашып жүргізушіні шығардық. Сол сәтте алдында отырған жігіттің шыңғырған дауысы шықты. Есікті ары-бері тарттым, шығару мүмкін болмады. Соны жұлқылап тартып жатсам, астынан сәбидің даусы шықты. Асты жаққа қарасам басы көрінді. 10-15 күндік нәресте екен. Алдымен баланы шығарып алуға тырысытық», - деді ол.
Мәди Әлиев «Бурылбайтал» орман шаруашылығы мекемесінде орманшы болып жұмыс істейді. Өнегелі отбасы бір ұл, екі қыз тәрбиелеп отыр.
Айта кетейік, Ұлттық арнаның жаңа маусымында көрермендерге жол тартқан «Жақсылық жаса» жобасы «Qazaqstan» арнасынан әр жұма сайын 21:25-те тікелей эфирде өтеді.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді