Қазақстанда атом электр станциясының құрылысы – бұл тұрақты болашақ пен экономикалық өсуге жасалған қадам. Атом энергиясы – қазба отындарына тәуелділікті азайтуға мүмкіндік беретін ең экологиялық таза және сенімді энергия көздерінің бірі.
Уран сияқты табиғи ресурстарының арқасында Қазақстан көптеген онжылдықтар бойы өзін энергиямен қамтамасыз ете алады. Сондай-ақ, менің де түсінігімде атом электр станциясы жұмыс орындарын ашады, инвестиция тартады және елімізді энергетикалық тұрғыдан тәуелсіз етеді.
Сонымен бірге, бұл – қоршаған ортаны қорғау кезіндегі электр энергиясына сұранысты қанағаттандырудың қауіпсіз және тиімді әдісі. Осылайша, атом энергетикасы – бұл біздің балаларымыздың болашағына, олардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатына зор үлес қосатыны да анық.
Абдырахман ЗАЙНУДДИНОВ,
Тараз қалалық өзбектер этномәдени бірлестігінің төрағасы.
Ұқсас жаңалықтар
Болашақта бүкіл әлем таза энергетикаға көшеді
- 4 желтоқсан, 2025
Әлемдік трансформация көлеңкесіндегі Қазақстан экономикасының болашағы
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




