«HALAL EXPO-2024»: Шетелдік мамандармен тәжірибе алмасу
- author «Ақ жол»
- 23 қыркүйек, 2024
- 317
Көрменің ресми ашылуына арнайы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров және халықаралық халал көрмесіне әлемдік, отандық кәсіпкерлер мен инвесторлар, өндіріс саласының үздіктері мен мемлекеттік ұйымдар, сарапшылар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Көрме Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы тарапынан халалды насихаттау мақсатында дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан айтулы іс-шара лардың бірі. Бүгінгі т аңда діни басқарманың ұйымдастыруымен халықаралық «HALAL EXPO» көрмесі төртінші рет өткізіліп отыр. Бұған дейін еліміздің ірі қалаларында – Астана, Алматы, Шымкент шаһарларында ұйымдастырылған.
Көрменің ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы «QMDB Halal» сертификатын иеленген отандық және шетелдік кәсіпорын өкілдеріне ризашылығын білдірді.
«Алла Тағала қасиетті Құранда: «Уа, адамдар! Жер бетіндегі нәрселердің халал әрі тазасынан жеңдер!» деген. Бұл аятқа амал еткен күллі мұсылмандардың қарашаңырағы саналатын Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы халал көрме сін жыл с айын әрбір өңірде ұйымдастырып келеді.
«HALAL EXPO-2024» көрмесі белді кәсіпорындар мен беделді кәсіпкерлерді, қоғам қайраткерлері мен дін мамандарын, өндірушілер мен тұтынушыларды бір шаңырақ астында біріктіретін мәдени мерекенің шамшырағы іспеттес. Бұл түрлі ұлт пен ұлыстардың басын қосып, өндірушілер мен тұтынушылардың арасын жалғап, пікір мен тәжірибе алмасудағы таптырмас басқосу», – деді Бас мүфти.
Жиын барысында Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы «Үздік халал» кәсіпорындар, «Халық таңдауы», «Үздік мамандар» номинацияларымен көрме қатысушыларын марапаттады. Олардың арасында алыс- жақыннан келген кәсіпкерлер де бар.
Айта кетейік, екі күнге созылатын көрмеге «QMDB Halal» таңбасымен халал өнім өндіретін жетпіске жуық отандық кәсіпорындармен бірге бірнеше шетелдік өнімдер де (ет, құс, сүт, балық, бал, май өнімдері, жартылай дайын және кондитерлік өнімдер, Халал косметикалар, шұжықтар, БАД, тағам қоспалары, гигиеналық заттар, жуғыш заттар, фаст-фудтар, балмұздақтар, сусындар, т.б.) қойылған.
Іс-шараны ұйымдастырушы «Халал Даму» Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған шариғат нормалары мен халал стандарт тәртібі бойынша стандарттау және сертификаттаумен айналысатын мекеме. Аталған орталықтың директоры Айбек Аташев: «Іс-шараның Жамбыл жерінде өтуі бекер емес. Себебі, қазір еліміз бойынша мыңнан аса «Халал» сертификатын алған кәсіпорындар болса, соның басым бөлігі осы Әулиеатадан. Сондықтан халалды насихаттау, тұтынушы мен өндіруші арасын жалғау, кәсіпкерлердің өзара байланысын нығайту, шетелдік мамандармен тәжірибе алмасу, халал өнімдерді таныту мақсатында IV-ші рет өткізіліп отырған халықаралық көрмені осында өткізуді жөн көрдік», – дейді.
Халал индустриясын дамыту, халықаралық байланысты нығайту, түрлі өнімдерді танытуда көпшіліктің көңілінен шығып, халықтың оң бағасын алған халықаралық көрме келесі жылы да жалғасын табады.
«Aq jol»-Aqparat.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді