Ұлы Жібек жолымен халықаралық сауда-саттық жасау есебінен қалашық X-XII ғасырларда өзінің шарықтау шегіне жетті.
Өрнек қалашығы жайындағы мәліметтер араб жылнамашысы Ибн Хордадбек пен Құдама құрастырған жол картасына да белгіленген. Араб тарихшылары Өрнек қа ласын Касрибас, Құлшуб және Жұлшуб сынды қалашықтармен бірге Тараз, Төменгі Барысхан және Құлан секілді ірі қалалардың маңында орналасқанын көрсетеді. Дегенмен, аталмыш картада Өрнек атауы нақты көрсетілмегендіктен ғалымдар бұл қалашықтың сол кезде қарлұқтардың феодалдарының иелігіндегі Құлшұб қалашығы ретінде картаға енуі мүмкін екендігін алға тартады. Әрі бұл болжам толықтай шындыққа жанасады. Өйткені, осы маңнан т абылған затт ай деректер қаланың тайпалық тұрақты қоныстың орнында пайда болғандығын растайды.
– Араб деректерінде аты кездесетін «Құлшұб» қаласы осы Өрнек қалашығы болуы ықтимал деген жорамал бар. Демек, Өрнек қарлұқтардың қарауындағы саяси-стратегиялық орталықтардың бірі болғандығы айқын. Қалашықтың топографиялық құрылымы мен ішкі құрылымдарында жүргізілген қазба жұмыстары отырықшылық пен қолөнердің барынша жоғары деңгейде қалыптасқандығын көрсетеді. Сонымен қатар, мықты бекіністердің, мешіттің, баймазарлардың болуы, бұл ескерткіш ірі қалалық орталықтың болғандығын дәлелдейді. Әлбетте, қалашықтың қалыптасуы мен даму тарихында Ұлы Жібек жолының маңызы жоғары екендігі даусыз. Күре жолдың бойында орналасқан Өрнек қалашығы да заманда ерсілі-қарсылы ағылған жиһанкездер мен саудагерлердің ат басын тірейтін тұрақты мекені болған. Талай тарихи оқиғалар мен тақ таласының, жойқын соғыстардың куәгері болған ескерткіш тарихымыздың баға жетпес қазынасы, – дейді «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи- мәдени қорық-музейінің бөлім меңгерушісі Ұлжалғас Шаизхан.
Археологиялық қазба жұмыстары барысында мұнда X-XII ғасырларға жататын мешіт орны табылған. Мешіттің жанында жолға қарама-қарсы бетте тұрғын үй қалдықтары ашылғaн. Сондай-ақ, қазба жұмыстарының барысында əртүрлі кезеңдердегі мазар мен қабірлеу, қыш жасайтын шеберханалар, хұм, қазан, құмыра, сапты аяқтар және қыштан жасалған бұйымдардың қалдықтары анықталған. Талайдан сыр шертетін тарихи нысан 2014 жылы ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік Мәдени мұралар тізіміне енген.
Нұрболат АМАНБЕК
Ұқсас жаңалықтар
Қоғамдық бірлестіктер қолдаудан қалыс қалмайды
- Бүгін, 03:38
Металлургиялық кәсіпорын іске қосылады
- Бүгін, 03:28
Ақпарат
«Таза Қазақстан – біздің қолымызда» атты дөңгелек үстел өтті
- 27 желтоқсан, 2024
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді