Бүгінгі таңда біздегі электр энергиясы өндірісінің 70 пайызға жуығын көмірдің үлесі құрайтыны белгілі.
Алайда қазіргі көмір отыны әлемде экологиялық зиянды өнімнің бірі, ең қуатты ластаушы ретінде танылып отыр. Көмір қабаттарын өндіру кезінде метан шығарындыларымен, көмірді жағу кезінде көмірқышқыл газымен, сондай-ақ көмір шаңымен ауа атмосферасының ластануы белең алуда және оның басқа да көптеген қалдықтары қоршаған орта мен адам өміріне аса зиян келтіруде.
Мысалы, CO2 көмірқышқыл газы 81,6 пайыз органикалық отынды жағу кезінде бөлінеді.
Нәтижесінде дүние жүзі бойынша адамдар арасындағы тыныс алу және онкологиялық аурулары жыл санап артуда. Тек, 2017 жылдың өзінде көмірді жағып, пайдалану кезінде пайда болатын шығарындылар жылына кем дегенде жарты миллион адамның өліміне себеп болған көрінеді. Оның үстіне еліміздегі көмірмен жұмыс істейтін электр станцияларының 70 пайызы тозған.
Жаңартылған энергия көздерінің үлес салмағының біртіндеп өсуіне қарамастан, мемлекетіміздің табиғи-климаттық шарттарға тәуелді болуына байланысты энергия көзінің тұрақты болуы қиындық туғызуда. Мамандардың болжамы бойынша, 2035 жылға қарай жаңартылған электр көздерінің үлесі 36-ға жетуі мүмкін. Бірақ, ЖЭС-ң де қоршаған ортаға тигізетін зиянды жақтарын ұмытпау керек.
Ал, АЭС парниктік газдар болмайтын, жаһандық жылыну мен климат өзгеруінің негізгі себептері болып табылатын көмірқышқыл газын, метанды шығармайды. Адам денсаулығы мен қоршаған ортаға теріс әсер ететін басқа да ластаушы заттарды бөлмейді.
Оның үстіне АЭС-ті жобалау, салу және пайдалану МАГАТЭ әзірлеген қатаң халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады. Сондықтан, АЭС еліміздің экономикасын тұрақты, таза және сенімді энергиямен қамтамасыз ету арқылы халықтың жоғары өмір сүру деңгейін де қамтамасыз етудің негізі болып табылады.
2022 жылы 1 қыркүйектегі Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2030 жылға қарай елімізде электр энергиясы тапшылығы туындайтынын айтқан еді. Энергетика министрлігінің мәліметі бойынша, елімізде қазірдің өзінде электр энергиясының тапшылығы 1,3 ГВт көлемінде болып тұр. Алдағы уақытта электр энергиясына деген сұраныстың барынша арта беретінін ескерсек, АЭС-тен басқа экологиялық жағынан таза балама жоқ деуге болады.
Асқар АБДУАЛЫ,
тарих ғылымдарының докторы, профессор,
Amanat партиясы облыстық филиалы жанындағы «Мирас» аймақтық кеңесінің төрағасы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді