Бұл кеңес билік органдары арасындағы өзара іс-қимылды нығайту және облыс аумағындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында ұйымдастырылды. Кеңесте шекаралық қызметті ұйымдастыру мәселесі талқыланды. Бұл мәселе қазіргі сын-қатерлер аясында ерекше өзектілікке ие. Шекаралық қауіпсіздік пен бақылау мәселелері заңсыз қызметті, атап айтқанда, контрабанда, заңсыз көші-қон, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікке басқа да қауіптерді болдырмауға бағытталған шаралардың тиімділігін арттыру мәселелері қаралды. Атап айтқанда, 2024 жылдың осы күнге дейінгі санағына сәйкес ҚР заңнамаларын 937 бұзушылар ұсталды, 2023 жылға қарағанда – 429, 2 есе ұлғайған. Мәселен, оның ішінде 2023 жылдың 21 қарашасында Қазақстан Республикасының азаматы А.Төлеубеков «Шөлдала» шекара заставасы аумағы арқылы темекі өнімдерінің контрабандасын тасымалдау мақсатында «КамАЗ» жүк көлігімен инженерлік құрылғыларды бұзып өткен. Сонымен қатар, осы жылдың 9 тамызында Жамбыл аудандық сотының үкімі бойынша Қылмыстық кодекстің 392-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.
Үйлестіру кеңесі түрлі құқық қорғау құрылымдарының бірлескен стратегияларын әзірлеуде және үйлесімді жұмысын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Мұндай шаралардың негізгі міндеті – прокуратураның, құқық қорғау органдарының, шекара қызметінің, кеденнің және өңірдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тартылған басқа да органдардың өзара әрекеттестігін жақсарту болып табылады. Үйлестіру кеңесінде қазіргі заманғы қауіп-қатерлер ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік шекараны қорғауға бағытталған ұзақ мерзімді шаралар да талқыланады.
Жиынға қатысушылар қойылған мақсаттарға жету үшін бірлескен күш-жігер мен ведомствоаралық өзара іс-қимылдың маңыздылығына кеңінен тоқталды.
Асылан ЖЕКСЕНБИН
ҚР ҰҚК ШҚ облыс бойынша департаментінің әскери журналисті, капитан.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылда «Адалдық сағаты» аясында кездесулер өтті
- 15 қазан, 2024
Жаңатас қаласындағы төтенше жағдай салдары толығымен жойылды
- 15 қазан, 2024
Ақпарат
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді