Жамбыл облыстық Полиция департаментінің бастығы қызметінен кетті
- author «Ақ жол»
- 16 қыркүйек, 2024
- 1.1k
Еске салсақ, тамыз айында аймақтың бас полициясы қол астындағы қызметкерін балағаттаған видеосы әлеуметтік желіде тараған еді. Кейін жауапты ведоство тарапынан қызметтік тексеріс жүргізіліп, Арманбек Хакимбекұлы уақытша қызметінен шеттетілді.
Арманбек Баймурзин облыстық полиция департаментінің тізгінін ұстағалы 2 жылдан асты.
Мансап жолы:
1997 жылдан бастап ІІО-ның жедел құрамында әртүрлі лауазымдарда жұмыс атқарды.
2004 жылдың ақпанынан 2012 жылдың сәуіріне дейін ҚР ІІМ Криминалдық полиция комитетінде әртүрлі басшылық лауазымдарда қызмет етті.
2012 жылдың сәуірінен 2014 жылдың қарашасына дейінгі аралықта Жамбыл облысының Ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарды.
2014 жылдың 24 қарашасынан 2019 жылдың қазанына дейін – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция департаментінің бастығы.
2019 жылдың қазанынан 2022 жылдың 9 ақпанына дейін - Ақмола облысы Полиция департаментінің бастығы.
2022 жылғы 10 ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін - Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




