Діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
- author «Ақ жол»
- 14 қыркүйек, 2024
- 340
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы «Жер кодексінің» 44)-бабы Жер учаскелерiн объектiлер құрылысы үшiн беру 5-2) тармағында Ғибадат үйін (құрылысын) салу үшін жер учаскесін беру оны салу туралы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасына сәйкес берілген шешімі болған кезде жүргізіледі.
Осыған орай, облыстың жергілікті атқарушы органның шешімі (рұқсат) алынбай жер комисясының оң қорытындысын алуға тыйым салынады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы электрондық үкімет» www.egov.kz, www.elicense. kz веб-порталына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш және осы Қағидаларға 2-қосымшада мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес құжаттарды қоса береді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) тіркелген діни бірлестіктің басшысы қол қойған ғибадат үйін (ғимаратын) салу туралы еркін нысандағы анықтама-негіздеме (ғибадат үйінің (ғимаратының) атауы және ол тиесілі болатын діни бірлестік, құрылыстың мақсаттары, аталған әкімшілік-аумақтық бірлік (ауыл, елдімекен, ауылдық округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс) діни қажеттілігін қанағаттандыруға мұқтаж келушілер саны (ғимаратында) қызмет ететін діни қызметкерлерге үміткерлер көрсетілген);
3) ғибадат үйін (ғимаратын) салу жоспарланып отырған аумақта жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) ғибадат үйін (ғимаратын) салуға (жақын маңда ғибадат үйі (ғимараты) аумағымен шектесетін (сонымен қатар, шекара аралығында сервитут, автомобиль жолы өтетін болса) тұрғын үйлер болған жағдайда ұсынылады) келісетіні туралы шешімінің көшірмесі ұсынылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі 22 (жиырма екі) жұмыс күнді құрайды.
Қосымша ақпарат қажет болған жағдайда мына мекенжай бойынша (Төле би №35а, байланыс нөмері: 8 (7262) 43-78-80, 43-47-82) ақпарат алуға болады.
Айтқазы ҚАРАБАЛАЕВ,
облыс әкімдігі сәулет және қала
құрылысы басқармасының басшысы
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылда «Адалдық сағаты» аясында кездесулер өтті
- 15 қазан, 2024
Жаңатас қаласындағы төтенше жағдай салдары толығымен жойылды
- 15 қазан, 2024
Ақпарат
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді