Атом энергиясын бейбіт мақсатта Қазақстанның
экономикасын дамытуға пайдалану туралы шешімінің арғы жағында еліміздің экономикалық дамуы, қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылық пен халықтың әл-ауқатының артуы, экологиялық мәселелерді шешудің жатқанын ескерген жөн.
Электр қуатын тұтынудың кейінгі жылдары еселеп артып бара жатқанын, болашақта оған деген тапшылықтың күшейе түсетінін мамандар ескертумен келе жатқаны баршаңызға
белгілі. Сондықтан, бізге электр энергиясы, атомдық таза энергия қажет. Ал, атом энергиясы үздіксіз энергия өндірудің жалғыз ғана көзі ретінде көреген ғалымдармен, білікті мамандармен мойындалған. Себебі, АЭС генерацияның барлық түрінің ішінде көміртек
қалдығын ең аз мөлшерде қалдыратын энергияның баламасы саналады.
Осы себепті, жуық арада энергетикалық дағдарыс орын алатынын, жаңартылатын энергия көздерін, жел жəне күн стансаларын дамытумен қатар атом энергетикасын жетілдіру қажеттігін ескерген жөн. Мысалы, Чехияда алты, Бельгияда бес атом реакторы жұмыс істесе, Швейцария төрт реактордан өндірілетін атом энергиясын пайдаланады. Атом электр стансасын салу еліміздің солтүстік, оңтүстік жəне батыс
аймақтарын энергиямен қамтуға мол мүмкіндік бермек.
Жалил АББОСОВ,
облыстық «Ахыска»
түріктер этномәдени
бірлестігі төрағасының
орынбасары
Ұқсас жаңалықтар
Дәріханалардағы дәрі бағасы бір түнде өскені ме?
- 4 желтоқсан, 2025
ЖИ-ді іске асыруда жастардың рөлі ерекше
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




