Паралимпиада жүлдегері Нұрдәулет Жұмағалиге құрмет көрсетілді
- author «Ақ жол»
- 13 қыркүйек, 2024
- 1.1k
Бүгін төрт жылдықтың басты додасында топ жарған жампозды жерлестері Тараздағы әуежейдан сән- салтанатымен қарсы алды. Бұдан соң, салтанатты іс-шара Ж. Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында жалғасын тапты.
Жиынға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев арнайы қатысып, Паралимпиада жүлдегерін құттықтады. Аймақ басшысы өз сөзінде Нұрдәулет Жұмағалидің қажырлы еңбек жолын өскелең ұрпаққа үлгі ете отырып, су жаңа «Tayota camry 75» маркалы автокөлігін және 2 бөлмелі баспананың кілтін табыстады.
Сонымен қатар, Паралимпиада жүлдегерінің бапкеріне «Haval» жол талғамайтын темір тұлпаржы тарту етті.
Айта кетейік, Нұрдәулет Жұмағали Париж Паралимпиадасында 100 метрге брасс әдісімен жүзуден күміс медаль жеңіп алды. Ол финалға дейінгі іріктеуде Азия рекордын орнатқан еді.
Спортшы өз мансабында екінші рет Паралимпиада жүлдесін алып отыр.
Еске салайық, Токио ойындарында қазақстандық спортшы қола медаль иеленген болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Дәріханалардағы дәрі бағасы бір түнде өскені ме?
- 4 желтоқсан, 2025
ЖИ-ді іске асыруда жастардың рөлі ерекше
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




