«Еліміздің кадрлық әлеуетін арттыру ісінде орта білім беру жүйесі өте маңызды рөл атқарады» деп балалардың мектеп қабырғасынан бастап баянды болашаққа нық қадам басуына қоғамның назарын аударуды тапсырды. Балалардың жаңашыл уақытқа сай сапалы білім мен тәрбие алуына бар жағдайы қарастырылған жайлы мектептер салу ісін де осы Жолдауында тағы да тілге тиек еткен Президент ортақ істен депутаттардың да тыс қалмауын еске салды. Мұны ел болашағы үшін барша халық жұдырықтай жұмылса, оң нәтижеге жететінімізді меңзегені деп білемін.
Әрине, жақсы дүниелер жасалғанымен жұмыс жүйелі жүрмесе, бәрі бекер. Ол үшін ұтымды ұйымдастырушылық қажет. Мемлекет басшысының «Үкімет жайлы мектептерді арнайы басқару жүйесін енгізуді ойластыруы керек» дегені – жүйесіздіктен барды жоқ қылатын немқұрайдылықтың алдын алғаны.
Барлық жағдай жасалғанымен нәтиже болуы үшін балалардың санасына сапалы білім мен саналы тәрбиені беретін мұғалімдердің ізденісі, білімдарлығы аса маңызды. Мұны да Президент Жолдауында айтып өтті. Мектептердің жұмысын жақсарту шараларын қолға алып, мұғалімдердің біліктілігін арттыруға және әлеуметтік мәртебесін көтеруге көңіл бөлуді айтқан Мемлекет басшысы «Ұстаздар – ұлттың зияткерлік қуаты. Олар білімді ұрпақ тәрбиелеу арқылы еліміздің өркендеуіне жол ашады. Үздік оқу бағдарламасы, заманауи мектептер, озық басқару жүйесі болса да, ұстаз білікті болмаса, оның бәрі бекер екені анық. Сондықтан педагогикалық жоғары оқу орындарына талапты, қабілетті жастарды қабылдауға баса мән беру керек. Жалпы, бұл бағыттағы жұмыстың беталысы жақсы, оны жалғастыру қажет» деді.
Бәріміз үміт күтетін баланы мектепке дайындау мәселесіне айрықша назар аудару керегі де айтылды. Дүниені енді танып келе жатқан бүлдіршіннің мектепке дейін оқытылып, тәрбие алу іс-шараларымен қамтылуы оның жаңа дүниені ұғынуға деген қабілетін дамытады. Бұған мемлекетпен қатар ата-аналардың да жауапты екені рас. Қасым-Жомарт Кемелұлы мектепке дейінгі білім беру саласында әр балаға бөлінетін қаражат отбасының нақты табысына байланысты болуы керегін ескертті. Сол арқылы білім беру жүйесі жетілдіріліп, нағыз мұқтаж азаматтарға көмек көрсетілетінін жеткізді.
Қорыта айтқанда, күнделікті тіршілікте нендей іспен шұғылдансақ та болашақтың иелеріне дұрыс тәлім-тәрбие, рухани азық, жақсы білім беруді ештеңенің қалтарысында қалдыруға болмайды. Тіпті, оған құқымыз жоқ. Себебі, әрбіріміз балалардың алдында жауаптымыз.
Сәбит ДҮЙСЕБАЕВ,
ҚР Білім беру ісінің үздігі,
Жуалы ауданының Құрметті азаматы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді